Жаңа сайт

Жаңа сайт
ашық дереккөз
Жаңа сайт

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған www.550kazakhan.kz ресми сайтын іске қосты.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы» сайты Қазақ хандығының тарихын насихаттайтын маңызды ақпараттық-танымдық дерек көзіне айналуға тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей, бұл ерекше мерейтойды атап өту барлық қазақстандықтар үшін, әсіресе өскелең ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде ерекше мәнге ие. «Жаңа ресурс мәдени-ағартушылық және тарихи сипатқа ие болып, Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюын оқып-зерттеуде қызығушылық танытатын қолданушылардың ірі топтарына арналған. Интернет-жобаның негізгі аудиториясы мемлекетіміздің тарихын білуге ұмтылатын жастар болып табылады», – деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбындағы барлық материалдар Қазақ хандығы, Тәуелсіздік, Жаңалықтар, Іс-шаралар жоспары, Киножобалар, Бейнеблог және Мәдени мұра бөлімдерінде орналастырылған. Қазақ хандығы бөлімінде қолданушылар назарына қазақ хандарының генеалогиясы, Ұлттық музейдің қорынан алынған қазақ халқының XV-XVIII ғасырлардағы рухани және материалды мәдениетіне жататын артефактілер, документалды жаңалықтар мен тарихи зерттеулер, Қазақ хандығының құрылуы туралы отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың ғылыми жұмыстары ұсынылады. Киножобалар бөлімінде «Қазақ елі» анимациялық фильмі, «Қазақ хандығына – 550 жыл» документалды фильмі және «Қазақ елі» тарихи-драмалық телехикаяның түсірілімдері туралы ақпаратты табуға болады. Одан басқа, сайт беттерінен Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өткізілетін Үкіметпен бекітілген іс-шаралар жоспарымен танысуға болады.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар