Жеңіс күнін жырлаймыз

Жеңіс күнін жырлаймыз
ашық дереккөз
Жеңіс күнін жырлаймыз

«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары мен Тараз қалалық №30 «Назерке» балабақшасы педагогтарының бірігуімен арнайы жоспарланған «Жеңіс күнін жырлаймыз» атты патриоттық-шығармашылық ертеңгілік өтті. Танымдық шараны «Ақбота» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі А.Жолтаеваның тобының балалары Б.Бейсенованың «Жеңіс туы желбірейді» атты әнімен ашты. Балабақша меңгерушісі Гауһар Көпжасарқызы мен аталмыш кафедраның оқытушылары баяндама жасады. Онда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтар, Кеңес Одағының Батыры атағын алған жауынгерлер, командирлер, қолбасшылар, партизандар, қарапайым халық өкілдері және облыс бойынша Отанын қорғаған ардагерлер туралы айтылып, арнайы жасалған слайд-шоулар көрсетілді. Мектепалды даярлық тобы балаларының орындауында Е.Өміровтің «Момышұлы Бауыржан», Е.Зейіпжанның «Көк тудың желбірегені» әндері жоғары деңгейде орындалды. Сонымен қатар, «Мәншүктің соңғы шайқасы» тақырыбында көрсетілген сахналық көрінісі көзге жас ұялатты. Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығын тойлауға балғындар осылай үлес қосты.

Гүлфарна Қасымова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы.

Ұқсас жаңалықтар