Меркілік «Сұңқарлар» самғады

Меркілік  «Сұңқарлар» самғады
ашық дереккөз
Меркілік «Сұңқарлар» самғады

Облыс көлемінде 28 әскери-патриоттық клуб жұмыс атқарса, оған мыңға жуық жастар тартылған. Клубта «Жас мерген», «Жас десантшы» әскери үйірмесі, «Әскери білім тарихы», «Әскери іс» топтары, «Жас ұландарды дайындау» секциясында мергендік, қоян-қолтық ұрыс, қолданбалы әскери және спорттық секциялар жұмыс жүргізеді.

Жастардың патриоттық рухын көтеру мақсатында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасының қолдауымен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен Тараз қаласындағы № 85395 бөлімшесінде «Сұңқар» әскери–патриоттық ойындары өтті. Баршамызға мәлім 1992 жылы 7 мамырда ҚР Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тәуелсіз еліміздің Қарулы күштері құрылды. Бүгінгідей бейбіт күнде кнституциялық және жауынгерлік адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан облыстық «Сұңқар» ойындары Қазақстанның айбынды армиясының құрылғанына 23 жыл, Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілді. Шараға Тараз қаласы мен аудандарда болған «Сұңқар» ойындарының жеңімпаз коман­далары қатысты. Сонымен қатар, облысы­мыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерінен, еңбек жастарынан құрылған он бес команда қатысып, олар әскери-патриоттық ойын­дардың сегіз түрі бойынша жарысқа түсті. Жарыс нәтижесі бойынша әрбір әскери-спорттық ойын түрінен және жалпы командалық есепте І орынды Меркі ауданы, ІІ орынды ТарМПИ, ІІІ орынды Талас ауданы иеленіп, арнайы тағайындалған бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Қанат Тілепберген, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар