Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 сәуірде Мойынқұм ауданы аумағында «Мерседес-Спринтер» маркалы автокөлігі «Газель» жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында 14 адам бірден көз жұмған.
Олардың өртенген денелері сол маңнан табылған. Ал екі адам ауруханада қайтыс болды. Бішкектен Солтүстік Қазақстанға кетіп бара жатқан шағын автобустың жүргізушісі мен ондағы жолаушылардың барлығы Қырғызстан азаматтары, тек «Газель» көлігінің жүргізушісі – Қазақстан азаматы. Көлік апатынан зардап шеккен жолаушылар облысымызбен шектесетін Қарағанды облысына қарасты Приозерск қаласының орталық ауруханасына жеткізілген. Жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. «Қаза болғандардың мәйіттерін Қырғыз Республикасына тұрғылықты жері бойынша тасымалдауға көмектесу шаралары жүргізілуде» делінген хабарламада.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




