Батыстық өмір салтының көлеңкелі тұстары көп

Батыстық өмір салтының көлеңкелі тұстары көп
ашық дереккөз
Батыстық өмір салтының көлеңкелі тұстары көп

Тұрғын Сыздықов өзінің сайлауалды насихаты аясында Ақмола облысындағы Астраханка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Т.Сыздықов коммунистік халық партиясы қызметінің басты қағидаттарына тоқталып өтті. ҚКХП кандидаты кездесу барысында «Коммунистік халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары жатыр деп баяндады. «Бүгінде дүниежүзілік жалпы адами құндылықтар-бейбітшілік, достық, интернационализм аса маңызды кез болып табылады. Барлық мемлекеттер үдемелі күштері жаңашылдық пен төзімділіктің жоғары идеалдарын алға тарту маңыздылығын терең түсіне бастады. Теңдесі жоқ рецепт жер бетіндегі бейбітшілік үшін барлық мемлекеттердің бейбіт өмір сүруі деген тұжырымның дұрыстығы айқын көрінуде. Адамгершілік идеяларын таңдау керек екендігі айқын. Әртүрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы достастық бірлікті күшейтуге рухтандырады. Біз бейбітшілікте және келісімде тұрып келеміз. Бұл келешекке берілетін қазіргі жалпы адамдық құндылықтар болып табылады. Бұл – біз тәрбие алған халқымыздың дәстүрлері. Тарихи қонақжайлық, мейірбандық, отбасылық құндылықтар және үлкендерді құрметтеу тамаша өсім береді. Кері қарап, біз осы негіздерді сақтау туралы ұдайы қам шегіп жүрген жылдарымызды есімізге түсіреміз. Осының барлығы біздің жерде қалыптасқан келісімдік және жаңашылдық атмосферасын маңызды мазмұнмен толтырады. Сондықтан қазір тұрақтылық пен өркендеу аса терең мазмұн мен мағынаға ие. Осыншама берекелі негізге жүгіне отырып, бұқара халық келешекке жаңаша қарап келеді. Сондықтан біздің есірткіге тәуелсіз, жағымсыз батыстың стереотипінен еркін тәні сау жастарымыз біздің басымдылығымыз болып табылады. Материализм, экономикалық ілім және ғылыми коммунизм теориясы марксизмді құраушы басты бөлімдер болып табылады. Марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылады», – деп атап өтті Т.Сыздықов. Сонымен қатар, Тұрғын Сыздықов кездесуге қатысушылармен қазіргі заманғы батыстық мәдениет құндылықтарының көлеңкелі жақтары туралы сұхбаттасты. Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық. ҚКХП кандидатының ойынша, әлемге таралған тез тамақтану – фаст-фуд негізінде құрылған батыстық стандарттар, адам ағзасына өз зардабын тигізеді. Егер фаст-фудтың тарихына үңілер болсақ, бұл арзан тағам уақыт үнемдеу мақсатында жұмысшылар тарапынан қолданылған. Уақыт өте келе бургерлер Батыстың айлакер кәсіпкерлері тарапынан халық арасына таратылып, кең танымалдылыққа ие болды. «Фаст-фудтың қатерлі және аса қатерлі екі түрі болатындығын дәрігерлер және диетологтар айтып отыр. Бір тәжірибенің қызықты нәтижелерін айтсам. Гамбургер, қыздырылған картоп және газдалған сусындарды күн сайын асыра қолданған адамдар орташа алғанда 12 келіге дейін артық салмақ жинаулары мүмкін және денсаулығында холестериннің көбеюіне, жүрек-талма ауруларының екі есе өсуіне және бауыр ауруына ұшырауы мүмкін», – деп атап өтті Т.Сыздықов. * * * ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Атырау қаласындағы сайлауалды штабы атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Насихат жұмыстарының барысы туралы Атырау облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі айтты. Ол алдымен Атырау облысы бойынша сайлауалды штабының қарқынды ақпараттық қызметі туралы баяндады: сенімді тұлғалар облыс тұрғындары арасында ақпараттық саясатты жүргізумен айналысуда. Штаб жетекшісінің айтуынша, насихат жұмыстары жүргізіліп, студенттер және еңбекші ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, штаб кеңсесі журналистер және бақылаушылар үшін әрдайым ашық, үгіт-насихат материалдарымыз жеткілікті және кандидаттың сайлауалды тобының мүшелері керекті кеңестерді беруге әзір. Кандидат Т.Сыздықовтың сенімді тұлғасы сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттарына тоқталды. «Коммунистік Халықтық партиясы қызметінің негізінде тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары жатыр. Материализм, экономикалық ілім және ғылыми коммунизм теориясы марксизмді құраушы басты бөлімдер болып табылады. Марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылады», – деп атап өтті. Қазіргі заманғы Батыс өнері өзінің мазмұнын жоғалтуда және примитивті-эмоционалдық деңгейге дейін түсіп кетті», – деді ол. Сондай-ақ ол, әлемдік коммунизм идеясы, басты мақсат болып қала бермек. Коммунистік қоғамның әділетті лозунгі – «Әркімнің қабілетіне қарай, әркімнің қажеттілігіне орай». Сонымен қатар, атқарылған жұмыстары туралы Қызылорда облысы сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев баяндады: қазіргі таңда насихат жұмыстары облыстың барлық аудандарын қамтуда. Тұрғындармен кездесулер үнемі өткізілуде, оларға өзінің маңыздылығын жоймайтын марксизм-ленинизм идеясының негіздері түсіндірілуде. «Ұстанымдарына берік нағыз коммунист өзіне артығын алмайды, батыстың арбаушы жарнамаларына алданбайды. Қарапайым тағамдармен қоректеніп, шашпалыққа жол бермейді, материалдық байлықты өмірдің мәніне айналдырмайды, өзінің жеке дамуына және жақындарына қол ұшын береді», – деді кандидаттың сенімді тұлғасы. Оның пікірінше, батыстық қоғамды арам пиғылдар дендеп алған, рухани бастаулармен санаспайды, барлығы пайда табуға бағытталған. Адамдар басты адамгершілік қасиеттерін жоғалтып, маркетинг заңдылықтарына бағынған тұтынушыларға айналуда. Батыстық жарнама өмірдің мәнін, мазмұнын, мағынасын өзгертіп белгілі бір тауарды адамдарға күштеп жүктеуде. «Батыстың кемшіліктері, әсіресе, мәдениет саласында анық байқалады, себебі, тұтынушылық сана, көп жағдайда, жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда» делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында. Аймақтық сайлауалды штабтың жетекшісі, Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында көтерілген мәселелер қазіргі кезеңде әлемде өзекті болып отырғанын және тұрғындармен кездесулерде әлі де талқыға түсетінін айтты. * * * Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов өзінің сайлауалды насихаты аясында Ақмола облысына қарасты Ақкөл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Т.Сыздықов партияның жұмысына және өзінің сайлауалды тұғырнама­сының басты қағидаттарына тоқталып өтті. «Бүгінгі күні жалпы адамдық құндылықтардың қатарында бірінші кезекте дүниежүзіндегі бейбітшіліктің кепілі болып келетін халықтардың бейбіт өмір сүруі және интернационализм екендігін тайсалмай айтуға болады», – деді Т.Сыздықов. Әлемнің барша халқы тұрақтылық пен өркендеуді сақтау маңыздылығын түсініп келеді, ал ол үшін шыдамдылық пен төзімділік идеяларын алға тарту қажет. Жер жүзіндегі бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы барлық мемлекеттердің бейбіт өзара әрекеттестігі екендігі күдік тудырмайды. Осы жерде ізгілік пен адамгершілік идеялары бірінші орынға шығатыны сөзсіз. Қазір біздер бейбіт өмір сүрудеміз, бұл біздің тарихи қонақжайлығымызға, мейірбандығымызға және ізгілігімізге байланысты болып табылады. Бұл – біздің дәстүріміз. Бұл жерде маңызды рөл жастарға арналған, олар өз бойына тек ең жақсысын сіңіре отырып, әсемділікті тани бастайды. Жастар бойына отбасылық құндылықтарды, ілгері жүріс ынталандырмасын және өзіндік жетілдірілуді сіңіру қажет. «Коммунистік Халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары жатыр. Материализм, экономикалық ілім және ғылыми коммунизм теориясы марксизмді құраушы басты бөлімдер болып табылады. Марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылады», – деді Т.Сыздықов. Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық. Батыстық жауапсыз өмір стандарттары ғасырлар бойы қалыптасып, тәртіпке айналған адамгершілік қасиеттерін көлеңкеге ысырып барады. Батыстың ықпалымен көрсеқызарлыққа, қанағатсыздыққа, еңбексіз қарын тойдыруға үйрететін тәрбие алғандар кез-келген теріс әрекетке дайын тұрады. Батыстық жат мәдениеттің баяндауымен жеңіл жетістікке жеткендерді ешбір моральдық құндылықтар мен тәрбие тура жолға қайта түсіре алмайды. Батыс адами құндылықтар дағдарысын бастан кешіп отыр. Қоғам санасын тұтынушылық стандарттар, рухани жұтаңдық, зорлық-зомбылыққа негізделген идеялар билеп алған. Төзімділік, мейірімділік, үлкенге құрмет, отбасылық өнеге, дәстүр, адамгершілік сынды қарапайым адами қасиеттер мүлде бөтен болып барады. Бүгінде сол батыстың жастары тез әрі зиянды тамақтанудың, фаст-фудтың құрбанына айналып жатыр, планшет пен телефонға телміріп, бар уақытын әлеуметтік желілерде, интернетте өткізуде. Мұндай өмір салты түбінде денсаулық пен адамгершілік қасиеттерден айырып, жалпы адам өмірін мәнсіз етеді. Шынайы өмірден қашамын деп, есірткі мен басқа да психотроптық тәуелділікке тап болып жатқандар қаншама. Алайда, бургерлердің өзі жарты іс қана. Фаст-фудпен қатар тұтынушылардың денсаулығына түрлі газдалған сусындар да кері әсерін тигізуде. Кейбір сусындардың құрамы Менделеев кестесін елестетіп, адамның ас қорыту жүйесінде кері химиялық әсер беретіндігін диетолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. * * * ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Өскемен және Орал қалаларындағы аймақтық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралар туралы мәлімдеді. Аумақтық штабтардың жетекшілері әртүрлі халықтардың арасындағы бейбітшілік пен келісімдікті қамтамасыз ететін жалпы адамдық құндылықтардың маңыздылығын атап өтті. Интернационализм барлық мемлекеттердің ілгері дамуы мен өркендеуінің негізі ретінде аталды. Халықтардың достастығы мен ізгілік мақсаттарының біртұтастығы өркендеудің нақты бағыты болып келеді. Және бұл, кандидаттың сенімді тұлғаларының айтуынша, бұқара қауымы тарапынан түсінушілікке ие. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар, шыдамдылық пен үлкендерді құрметтеу біздің халықтың мәдени негіздері болып келген. Оларды сақтау – ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүріміз. Осы адамгершілік бағыттар түсінікті және біздің ата-бабаларымыздан келе жатыр. Бұл жастардың дамуына, отбасы құруына және болашаққа бағдар жасауға мүмкіндік беретін негіз болып табылады. Біздің қоғамның осындай маңызды мәдени бекіністерін сақтау Батыстың жағымсыз құндылықтарынан бас тартуды талап етеді. Бұл жерде шыдамдылықтың жаңашылдық күшіне, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жоғары құндылықтарына назар аудару қажет. «Біздің аймаққа Т.Сыздықов келіп, сайлаушылармен кездесулер өткізгеніне қарамастан, бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы сайлауалды штабы қала тұрғындары үшін бірқатар іс-шараларын жалғастыруда», – деп мәлім етті Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің жетекшісі Шыңғыс Байдаулетов. Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының идеяларын насихаттап, марксизм-ленинизм идеяларына негізделіп құрылған. Қоғамдық идеалдарды батыстық тұтыну­шылық стандарттардың алмастыруы жастарды «тоғышар тұтынушыға» айналдыруы мүмкін. Тұтынушылыққа құрылған бағдар жастардың бағытын өзгертеді. Осындай ықпалға тап болғандар не нәрсеге өз күшімен қол жеткізуден бас тартып, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруді әдетке айналдырады. Кандидаттың сенімді тұлғасы үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті. «Батыстық үлгінің ең негізгі қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блогбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең тараған зорлық-зомбылық, қаталдық культтері. Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қасиеттерінен айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады. Әрбір екінші батыстық фильм, бейнеклиптің немесе әуеннің астарында қатыгездік, енжарлық, немқұрайлылық, іс-әрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр», – дейді штаб мүшесі ҚКХП ұсынған кандидаттың бағдарламасына сілтеме жасай отырып. «Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары. Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық», – деді Ш.Байдаулетов. Батыс Қазақстан облыстық комитет жетекшісі С.Ярлыгасымов мәлім еткендей: «ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды науқанының жоспарына сәйкес, сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Үгіт-насихат жұмыстары штаттық жоспарға сәйкес, ешқандай кедергілерсіз өтуде. Жергілікті халықпен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын белсенді түсіндіріп жатырмыз». Сонымен қатар ол: «Жеңіл ақшаның соңына түсіп, зорлық-зомбылықты ашық жарнамалап жатқан батыстық киноиндустрия мен интернет ресурстар – қазіргі батыстық теріс мәдениеттің жемісі. Батыстың кемшіліктері, әсіресе, мәдениет саласында анық байқалады. Себебі, тұтыну, көп жағдайда, материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады. Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез-келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды», – деді. Кандидаттың Батыс Қазақстан облысындағы сенімді тұлғасы С.Ярлыгасымовтың айтуынша, штабта 5 сенімді тұлға мен облыстық комитеттің жиырмаға жуық белсендісі бар. Олар күнделікті партия жұмысынан бөлек, үгіт-насихат жұмыстарымен де айналысады. Атап айтқанда, партияның баспасөз өнімдерін таратып, халықпен кездесулер ұйымдастырып, сайлаушылардың үйіне барып, үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Интернет пен әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өзіміздің партиялық сайтымыз бен «Қазақстан коммунисті» деген газетіміз бар. Олардың көмегімен кез-келген адам партия өмірімен кеңінен таныса алады», – деді сенімді тұлға.

Ұқсас жаңалықтар