Жаңатас қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет сарайында қарбалас шақ. Аудандық сайлау комиссиясы мен № 365 сайлау учаскесі осында қоныс тепкен. Жалпы, қала жұртшылығының белсенді екендігі бұрыннан белгілі. Оны №365 сайлау учаскесіне кіре бергенде-ақ байқадық. Қабырғаға ілінген сайлаушылар тізіміне үңілген адамдардың қарасы соны аңғартқандай. – Сайлау учаскесіне қарасты 25 көп қабатты үйден 2156 сайлаушы дауыс береді деп отырмыз, – дейді комиссия төрайымы Гүлнафис Дәулетбаева. – Ең қарт сайлаушымыз Ұлы Отан соғысының ардагері, 89 жастағы М.Авдеев, ал жас сайлаушылардың саны әзірге алтау, әлі де көрсеткіш өсуі мүмкін. Сайлау учаскесінің жабдықталуы, ақпараттық андатпалары рет-ретімен қойылған. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарынан алманиялық Бригитте Франциско Хоер және норвегиялық Даг Хеллесунд байқаушылар ретінде тіркелген. Біздің алдымызда ғана олар сайлау учаскесінің жұмысымен танысып кеткен екен. Қысқасы, жаңатастықтар сайлауға тас түйін дайындалуда.
Жаңатас қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




