«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қырағылық танытамыз

Қырағылық танытамыз
ашық дереккөз
Қырағылық танытамыз

Ел өміріндегі маңызды саяси оқиға сайлау белгіленген күні қоғамдық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі? Біз бұл жөнінде облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қанатбек Әлімжановпен жедел сұхбаттасқанды жөн көрдік:

– Сайлау күні қоғамдық тәртіп қалай қадағаланады? Қанша адам бөлінді? Бұған өздеріңізде жоспар жасалды ма? Арнайы нұсқаулық бар ма? – Сәуірдің 25-інен бастап облыстағы 461 сайлау учаскесі тәулік бойы бақылауымызда болады. Онда сол учаскелерге тиесілі қызметкерлеріміз жіберіледі. Сайлау күні жексенбі күнге келсе де жұмыс істейміз. Ал нақты қанша адам екенін айта алмаймыз. Полиция қызметкерлерінің қолдарына видеотіркегіш, видеокамералар беріледі. Қандай да бір тәртіпсіздік орын алса, оны сол құрылғыға жазып алады. Қызметкерлеріміздің қалай жұмыс істеп жатқанын өзіміз де, яғни, басшылық та бақылайтын боламыз. 461 сайлау учаскесінің 112-сі Тараз қаласында, қалғаны аудандарда. Күні кеше ТарМПИ-да өткен семинарда қоғамдық тәртіп қалай сақталу керек деген мәселе сөз болды. Иә, бізде арнайы нұсқаулық бар, сол бойынша жұмыс істейміз. Бір айта кететін нәрсе, жаңа қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабы бойынша сайлау учаскесінде, сол учаскелердің аумағында қандайда бір ұйымдардың, жеке тұлғалардың сайлауға келген сайлаушылардан кімге дауыс бергендерін сұрауға, сауалнама жасауға, қоғамдық пікір бойынша алдын ала болжамдар жасауға болмайды. Онда жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. – Тағы алып-қосарыңыз бар ма? – Мұндай маңызды күні тұрғындардың шет қалмай өздері лайық деп санаған кандидаттарына дауыс бергендері жөн. Ал біз қоғамдық тәртіпті күзету үшін қырағылық танытамыз.

Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар