Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы №129 сайлау учаскесі Гагарин атындағы орта мектепте орналасқан. Бүгінде сайлау учаскесі толық безендірілген, телефон байланысы іске қосылған. ҚР Президенттігіне үміткер үш азаматтың сайлауалды бағдарламалары арнайы тақтайшаларға ілінген. Аталған сайлау учаскесіне тізім бойынша 1485 сайлаушы келіп, дауыс беруі керек. Сайлаушылардың толық тізімі арнаулы орынға ілінген. Олардың сегізі бірінші рет дауыс бергелі отыр екен. Ал 1921 жылы туылған 94 жастағы Инкар Кекілбаева да бұл сайлаудан шет қалмаймын деп отыр. Сайлау комиссиясының жеті мүшесі мен төрайымы Шолпан Байтақова, хатшысы Зәуреш Сатылғанова бүгінде кезекшілікпен жұмыс істеуде. Ш.Байтақова Президент сайлауынан бастап сайлау учаскесінің төрайымы болып келеді. Олар өз міндеттерін, арнайы заңдылыққа сай мүлтіксіз орындайды. Комиссия мүшелері алты рет арнайы басқосу өткізіп, алда болатын Призидент сайлауына толыққанды дайындықтарын пысықтады. Сайлау учаскесінің жұмысын тексере барған комиссия оған жоғары баға берген.
Есіркеп СЕРІКБАЙҰЛЫ, ауданның Құрметті азаматы.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді