Сарысу ауданындағы Тоғызкент ауылындағы №384 сайлау учаскесі Төреқожа атындағы мәдениет үйінде орналасқан.
Сайлаушылар қазірдің өзінде учаскеге бас сұғып, фойеге ілінген сайлаушылар тізіміне үңіліп, өздерінің бар-жоғын тексеруде. Ал мәдениет үйінде ҚР Президенттігіне үміткерлердің ақпараттық хабарламалары жайластырылыпты. – Сайлау учаскесін жабдықтау негізінен аяқталды, – дейді комиссия хатшысы Пернайым Мыңжасарова бізбен әңгімесінде, – Комиссияда жеті адам бармыз. Бәріміздің міндетіміз сараланған. Учаскенің жұмысын байқау мақсатымен құжаттармен таныстық. Бәрінің мұқият толтырылғаны байқалып тұр. – Тізім арқылы ең қарт сайлаушы мен Елбасын сайлауға тұңғыш рет қатысқалы отырған ең жас сайлаушыларға дейін анықтап қойдық, – дейді комиссия төрайымы Гүлнәр Әжібаева, – әркімнің дауысы маңызды екендігін түсіндіріп-ақ жатырмыз. Сондай-ақ, бар үміткерлердің сенім білдірген өкілдеріне де есік ашық.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Тоғызкент ауылы, Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді