«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Батыстық кемшіліктер әсіресе мәдениет саласында анық байқалады

 Батыстық кемшіліктер әсіресе  мәдениет саласында анық байқалады
ашық дереккөз
Батыстық кемшіліктер әсіресе мәдениет саласында анық байқалады
ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Орал қаласындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. «Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы – коммунистік идеяны ұстанатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған. Соңғы жылдары халықаралық ұйымдардың диетологтары дабыл қағуда. Барлық Батыс елдері дұрыс өмір салтын қолданбау, тамақтану мәдениетін ұстанбау және фаст-фудтың кесірінен семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, қандағы қант деңгейінің өсуі, есту, көру, қол-аяқ жұмысының бұзылуы сынды денсаулық ақауларынан зардап шегіп отыр. Бүгінде дәрігерлер Батыс елдеріндегі тұрғындар арасында семіздіктің өршуін тез тамақтану немесе фаст-фудтың кесірі деп біледі. Түрлі арнайы дәмдеуіштер және тез дайындалатын тағамдарды тұрақты қолдануларына бой алдырту арқылы фаст-фуд тағамдарынан бүгінде қауіп туындауда. Мұндай тағамдарды сатып алатын және қолданатын әлемнің барлық адамдары, әсіресе жастар, батыстық корпорациялардың пайдасы үшін өз денсаулықтарын және өмірлерін қатерге тігуде. Фаст-фудтың құрамында көптеген консерванттар, ас дәмдеуіштер, бояулар, тағам қоспалары секілді түрлі химиялық қоспалар бар екендігі ғалымдар тарапынан дәлелденді. Сонымен қатар оның құрамына денсаулыққа зиянды мөлшерден тыс қант және тұз қосылады. Фаст-фудпен қатар тұтынушылардың денсаулығына түрлі газдалған сусындар да кері әсерін тигізуде. Кейбір сусындардың құрамы Менделеев кестесін елестетіп, адамның ас қорыту жүйесінде кері химиялық әсер береді. Көптеген елдерде фаст-фудтың кесірінен туындаған семіздік ауруы ұлтқа төнген қауіппен теңестірілген», – деді Т.Сыздықов. Т.Сыздықовтың ойынша, әсіресе батыстық мультфильмдер және компьютерлік ойындар көңілге де кірбің ұялатады. Кездесу соңында Президенттікке кандидат Т.Сыздықов студенттер және оқытушылардың кейбір сұрақтарына жауап беріп, өзінің алдағы сайлауалды жұмыс жоспарымен бөлісті. Жиында облыстық сайлауалды штабының жетекшісі С.Жарылғасымов сөз алып, қысқаша түрде сайлауалды науқанының насихат жұмыстары және іс-шаралар туралы айтып берді. * * * ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралары туралы баяндап берді. Өскеменде кандидаттың сайлаушыларымен екі кездесуі өтті. Кездесуде Тұрғын Сыздықов сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды және сұрақтарға жауап берді. Кандидаттың сенімді тұлғалары тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізуде. Павлодар облыстық сайлауалды штабының жетекшісі үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті. Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының идеяларын насихаттап, марксизм-ленинизм идеяларына негізделіп құрылған. Сайлаушылар коммунистердің көзқарасы, өмірдің мазмұны және ережелері туралы хабардар болуда. Қарапайымдылық және еңбексүйгіштік, шашпалық пен ысырапшылыққа жол бермеу – нағыз лениншілдерге тән қасиет. Ұжымдық және бірегейлік – партия құрылымының негізі. ҚКХП мүшесі дегеніміз – тек өзінің қамын ойламай, жолдастарына көмекке келуге әзір болу, ұжымның мүддесін өзінікінен жоғары қою. Коммунистік партияның мүшесі Батыс қоғамының теріс ықпалына берілмеуі керек, қоғамдық идеалдарды батыстық тұтынушылық стандарттардың алмастыруы жастарды «тоғышар тұтынушыға» айналдыруы мүмкін. «Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындаған батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде» делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында. Бұл күні Қарағанды қаласында да Батыстық өмір құндылықтары туралы сөз қозғалды. «Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары. Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық», – деп атап өтті кездесу барысында сенімді тұлғалар. Кандидаттың хабарлауынша, сананың классикалық әмбебап құндылықтары және әлеуметтік өмірдің шарттары жойылуда. Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады. Себебі, тұтыну көп жағдайда материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады. Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез-келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды. Өмірдің мәні материалдық мүдделерін қанағаттандыруға, ал барлық қоғамдық үрдістер бизнеске бағытталған. Мықты моральдық негізі, түп тамыры, ұлттық санасы, қандай да бір діни ұстанымдары мен ұлттық рухани идеялары болмаса, ондай елдің болашағы да жоқ. Батыс мәдениетінің аясында тәрбиеленген адам өмірдің мәнін тұтынушылықтан іздейді. Мемлекеттің басты байлығы – оның адамдары. Саламатты, зайырлы ұлт қағидаттары адамға нәресте шағынан сіңірілуі керек. Балалар тек пайдалы тағамдарды тұтынып, дене шынықтырумен айналысып, сезім, сыйластық және құрмет сияқты отбасылық құндылықтарды танып өсуі керек. Адамдар зияткерлік, білімпаздықтарын жоюда және келешек ұрпақтарының, өздерінің денсаулықтарын құртуда. Жастар дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық идеалдарды танып өскенде ғана батыстық мәдениеттің ықпалынан құтылады. * * * Кеше Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов «Астанагазсервис» ЖШС жұмысшылары ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды. «Біз қоғамдық дамудың біртұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизмнің ғылыми және идеологиялық негіздеріне сүйеніп қызмет атқарамыз. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизмді және Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттау қажет» делінген Т. Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында. Сонымен қатар Тұрғын Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының тағы бір қағидаты – Батыс мәдениетінің теріс ықпалы жайында мәселе көтерді. «Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындаған батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде» делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында. Батыс адамының барлық әрекеттері тек өзінің жағдайын жасауға ғана бағытталған. Адам әлеуметтен тыс, шығармашылық және тиімді еңбекке ұйымдаса алмайтындығы бұрыннан белгілі бола тұра, қоғам ағымнан тысқары қалуда. Кандидаттың пайымынша, рухани құндылықтар мұндай жүйеде тысқары қалатындығы түсінікті. Кездесу соңында Президенттікке кандидат Т.Сыздықов жиналғандардың кейбір сұрақтарына жауап берді және өзінің сайлауалды жұмыс жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ, кездесу барысында кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі А.Қоңыров жиналған жұртты сайлауалды штабының жұмысымен таныстырды. * * * Кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды штабы атқарылған шаралары туралы айтып берді. Өз жұмыстары туралы Президенттікке кандидаттың Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының жетекшісі тілге тиек етті. Сайлаушылармен кездесу барысында штаб марксизм-ленинизм қағидаттарының ескірмеген және өзекті бағыттарымен таныстырды. «Біздің кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттауда», – деді ол. Сонымен қатар кандидаттың сенімді тұлғасы, ҚКХП мүшесі сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттарына тоқталды. «Батыстық киноиндустрия өнімдері жеке бастың қамын қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез-келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды. Қазіргі заманғы Батыс өнері өзінің мазмұнын жоғалтуда және примитивті-эмоционалдық деңгейге дейін түсіп кетті», – деді ол. Сондай-ақ, өздерінің жұмыстары туралы Көкшетау аймақтық сайлауалды штабы айтып берді. Облыстық комитеттің жетекшісінің айтуынша, ҚКХП Қызылорда аймақтың штабы ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды насихат жоспарына сәйкес сайлаушылар арасында өз жұмыстарын жүргізуде. Біздің сайлауалды насихатымыз қалыпты жағдайда өтуде. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысымыз бар, тұрғындарға кездесу барысында насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Сонымен қатар аудан орталықтарындағы сайлаушылармен кездесулер жоспарланған. Одан әрі ол Тұрғын Ысқақұлының сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарына тоқталды. Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған. Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы маркстік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез-келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды. Толықтай алғанда, біздің кандидатымыздың кездесулері сәтті өтті деп санайды кандидаттың аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі. Сондай-ақ, Ақмола облысындағы кандидаттың сенімді тұлғасының хабарлауынша, облыстық штабтың жұмыс жоспары белгіленіп, сайлаушылармен жұмыс соған сәйкес жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар