ҰЛТТАР ТЕАТРЫ ҚҰРЫЛДЫ
Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениетаралық және этносаралық сұхбаттың қолданыстағы тетігі мен мемлекет және азаматтық қоғам өзара әрекеттестігінің тиімді құралына айналды.
Қазақстанда жұмыс істеп жатқан қазақ, орыс, корей, ұйғыр және неміс театрларының қызметі негізінен халықтың белгілі бір этностық топтарына бағытталған.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік консорциумы» Қоғамдық қоры қазақстандық театрлардың шығармашылық мүмкіндіктерін толыққанды жүзеге асыру мен ұлтаралық Қазақстан мәдениеттері өзара ықпалдасуларының үйлесімділігі мен келістілігін көрсету мақсатында «Қазақстан Ұлттар Театрын» құрған болатын.
«Қазақстан Ұлттар Театры» елдің шығармашылық мүмкіндіктерін біріктіру, Қазақстан халқының бүгіні мен болашаққа ұмтылысын көрсететін жаңа спектакльдерді жасауға арналады. Бұл мақсаттармен отандық драматургтердің жаңа немесе арнайы жазылған пьесалары қойылатын болады. Қойылымдарға заманауи театралдық көзқарастарымен ерекшеленетін танымал режиссерлермен қатар, жас дарындар да қатысады.
«Қазақстан Ұлттар Театры» өз қызметін антреприза кейпінде жүзеге асыруды көздейді. Спектакльдер бір уақытта бірнеше тілде көрсетіледі, яғни әр әртіс рөлдерінің белгілі бір бөлігін ана тілінде сомдау мүмкіндігіне ие болады. Бұл – Қазақстандағы алғашқы антрепризді театр.
Театр ұжымы 25 сәуір күні жазушы әрі драматург Дулат Исабековтің «Бақыт құсы» пьесасының қойылымының тұсаукесерін ұсынбақ.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




