Шелді мал - төлді
Мал өсіру – ата кәсібіміз. Халқымыз «Мал баққанға бітеді» деп бекер айтпаса керек. Таяуда асыл тұқымды қой өсіретін «Пионер» өндірістік кооперативінің шопандарының қимыл-қарекетін көзбен көріп қайтқанбыз.
Қай шопанның жайылымына соқсақ та тынымсыз тірлікті байқадық.
– Шопан атаның құт таяғын ұстағаныма сегізінші жыл. Қой төлдету – жауапты науқан екенін, оның өз төлі есебінен көбейетінін жақсы түсінемін. Биыл қыс жайлы болды. Бағымымдағы 500 бас саулық қоңды. Содан да жаңа туған қозылар енесіне лезде ілесіп жатыр. Жемшөп жеткілікті. «Шелді мал – төлді» дегендей, төлдеген 325 бас саулықтың 39-ы егіз туды. Қозыларға бірден таңба басылып, сырға салынып, құйрығы кесіліп, дәрі егілуде. Есепші күн сайын төлді есепке алып отырады. Төрт сақпаншым бар, – деді аға шопан Берік Есінбаев бізбен әңгімесінде.
Шынында да, қысы-жазы қой соңына ілескен шопанның еңбегін ерлікке балайсың.
Аптап ыстықта, қаһарына мінген аязға төтеп беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Біздегі шопандардың бәрі де нағыз малсақ. Шаруашылық бойынша 9 отар қой бар. Бәрі де қоңды. Төлдету науқаны аяқталып келеді. Бүгінгі күнге саулықтарымыздың 77 пайызы төлдеді. Қойлар төлдеп бітіп, қозылар аяқтарына тұрған соң, шопандарымыз Көделі көктеуіне қоныс аударады. Сол жақта жүні қырқылып, қозылар бөлінгеннен кейін, яғни қазан айында шопандарымыз осы құм өңіріне қайта көшіп келеді, – деді «Пионер» өндірістік кооперативінің төрағасы Алпысбай Жұмаханов.
Дүйсенбек ОРМАНОВ, журналист.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




