ТІЛЕГІМІЗ ОРТАҚ, ТАҒДЫРЫМЫЗ БІР
Жүзден астам этностардың құт мекеніне айналған Қазақстан үшін түрлі ұлттар қарым-қатынасындағы қалыптасқан төзімділік пен сенімнің маңыздылығы тереңде жатыр. Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдан астам уақыт ішінде республика халқында толеранттылық турасында өзіндік ұғым қалыптасып қана қоймай, Қазақстан халқы Ассамблеясы негізінде қоғамдық және этносаралық келісімнің бірегей үлгісі жасалды. Дәстүрлі түсінікте қарар болсақ, мысалы, батыстық ұғымда толеранттылық сөзінің түбірінде заң жарлықтары мен әлеуметтік әдептілік ережелерінің талаптарына негізделген төзімділік мағынасы жатса, ал Қазақстан үшін толеранттылық дегеніміз – ең алдымен ұлттық сананың жазылмаған қағидаттары, ұлтаралық қарым-қатынас аксиомасы мен қоғамның өнегелілік императиві болып табылады.
Біздің елімізде толеранттылық алғашқы кезекте өзара сенім мен сыйластық, ынтымақтастық пен мәдениетаралық диалог арқылы кеңейе түседі. Оның негізінде дәстүрлер мен патриоттықтың, жаңарудың, бәсеке мен жеңістердің сүзгісінен өтіп қалыптасқан ұлттық рух, мүмкіндіктер теңдігі мен құндылықтар ортақтығы жатыр. Дәл осы қасиеттердің сақталып қалуының арқасында Қазақстан Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде этникалық алауыздықты басынан өткерген жоқ.
Қазақстандық толеранттылық – егемендік пен мемлекеттікті нығайту, мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету, халықтың еркіндігі мен құқығын қорғау үшін мемлекеттің көп қырлы полиэтникалық мүмкіндіктерін жұмылдыруға қол жеткізіп, әрқайсысымыздың өмірлік ұстанымымыз бен ұлттық бірлігіміздің іргетасына айналды.
Адамгершіліктің үлгісі ретінде, толеранттылық – ұлттық ерекшелігіне қарамастан Отанымыздың әрбір азаматының тағдыры үшін әрқайсысымыздың жауапкершілігімізбен берік байланысқан. Және бұл қазақстандықтардың ортақ құндылығының бастысы болып саналатын тәуелсіздік, халқымыздың амандығы мен еліміздің гүлденуінің бастауы екені сөзсіз.
Қоғамдық түсініктегі жалпыға ортақ мақсат – ұлттық бірліктің Доктринасында жарияланған «Бір ел – бір тағдыр» ұстанымы болды. Оның өзегі, қозғаушысы – қазақ халқы, мемлекеттік тіл, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтар, қазақстандық этностардың әдет-ғұрпы мен бай мәдениеті.
Лилия Агулова, орыс этномәдени орталығының төрайымы.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




