Сүйікті газетіміздің өңі өзгерді
Құрметті редакция!
Сіздерге хат жолдап отырған отбасы мүшелері кешегі соғыстың зардабын бір кісідей шегіп, қан майданнан қайтпай қалған әкелерінен бір жарым жасында қалған сәбилер еді. Сол елін қорғауда опат болған әкенің өмір жолын жалғап жатқан Есмаханов Әбеннің ұлы Амангелді Есмахан және келіні Балкүл Шардарбек боламыз. Біз шалғайдағы Жайылма ауылында тұрамыз. Амангелді мектепте 45 жыл, мен 41 жыл қызмет етіп, бүгінде зейнетке шығып, алаңсыз өмір сүріп отырған жайымыз бар. Біз отбасымызбен «Ақ жол» газетіне 50 жылдан астам уақыт үзбей жазылып, облысымыздың тыныс-тіршілігімен хабардар болып отырамыз. Соңғы жылы осы басылымның өңі өзгеріп сала берді. Қазір әрбір санын асыға күтетін болдық. Себеп – газеттегі жарияланып жатқан түрлі айдардағы әрбір мақала оқырманның жүрегін селт еткізбей қоймайды. Бұл тақырыптар үлкендерге де, кішілерге де өте тартымды. Газеттің бірінші бетіндегі нақыл сөздер, Абайдың өсиет өлеңдері бізге және жастарға рухани байлық сыйлайды. Сіздердің еңбектеріңізге шабыт тілей отырып, отбасыларыңызға бақыт-береке тілейміз.Балкүл Шардарбек, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері.
Жайылма ауылы, Сарысу ауданы.Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді