«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан «Әркімнің дауысы маңызды!» атты акцияны облыстық кәсіпкерлер палатасы да қызу қолдауда. Тақырыбы айтып тұрғандай акция саяси науқаннан қалыс қалмауға үндейді.
Бұл жолы облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері облыс орталығындағы «Дәмдес», «SМАRТ», «Метроном», «Small» ірі супермаркеттері мен «Вкусная корзинка», «Ромашка» сауда желілерін аралап шықты. Ондағы отандық өнімдердің сыртына «Әркімнің дауысы маңызды!» деген ұранмен 26 сәуір күні сайлау екендігі көрсетілген стикерлерді жапсырды.
Сауда орындарының басшылары мұндай бастаманы қолдап, кәсіпкерлер палатасымен келісіп, стикерлерді сөрелердегі отандық тауарларға жапсырып қойыпты. «Дәмдес» сауда орталығының әкімшісі Люция Байкуразова тұтынушылар тарапынан, әсіресе, өзімізден шығатын сапалы сүт, ет, ұн өнімдеріне сұраныс жоғары екендігін, ал олардың сыртындағы жапсырмалар жұрттың назарын бірден аударатындығын және халықтың сайлаудан хабары болғандықтан бұл жөнінде ешқандай сұрақ туындамағандығын айтады. «SМАRТ» супермаркетінен керек-жарағын түгендеп жүрген қала тұрғыны Назира Сағынтайқызы «саяси науқанда азаматтардың белсенділік танытқандары жөн» деп ой-пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, сайлауға қанша күн қалғандығын көрсетіп тұратын үлкен күнтізбелер де аталған нысандардың кіре берістеріне ілінді.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




