ТАРМУ СТУДЕНТТЕРІ «ЕҢ ДАРЫНДЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
- author «Ақ жол»
- 14 сәуір, 2015
- 953
Бірер жыл бедерінде жалғасып келе жатқан болашақ журналистердің арасындағы дарындыларды даралайтын дода биыл да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шымылдық түрді. Болашақ БАҚ саласының қызметкерлерінің сан қырлылығы сыналған байқауға 10 өңірдің намысын қорғаған 12 команда қатысты. Қатысушылар І кезеңде «журналистика» мамандығының білімгерлері үшін оқытылатын міндетті 4 пәннен теориялық білімді тексеру мақсатында онлайн тестілеуден өтті. Ал ІІ кезеңде журналистиканың сан саласы бойынша шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. БАҚ-тың барлық саласы бойынша жиған білім, алған тәжірибе сыналар бұл байқауға республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Айнаш Есали, «Айтуға оңай» бағдарламасының редакторы Жазира Исаева, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлы, радиожурналист Нұртай Лаханұлы, блогшы, SMM-маманы Дінмұхаммед Зиядин сынды журналистиканың түрлі жанрларының өкілдері төрелік етті. Биыл білім бәйгесі екі күнге созылып, арнайы номинация саны ұлғайды. Айта кетейік, былтыр «Ең дарынды болашақ журналист» атты республикалық пәндік олимпиадасында болашақ БАҚ өкілдерін даярлайтын Тараз мемлекеттік университетінің 2-4 курс студенттерінен құралған «Жас қалам» командасы «Ең үздік мақала» номинациясын иеленген болатын. Ал осы жылы әділ қазылар алқасының шешімімен Тараз қаласының намысын қорғаған М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «журналистика» мамандығының 2-3 курс студенттерінен құралған «Фемида» командасы жүлделі үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, студенттерді білім бәйгесіне баптап, жетекшілік жасаған аталған оқу ордасының «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Зәуреш Қойгелдиева арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Толғанай АТАБАЙ.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




