облыстық филармонияның өнер керуені өңірлерге ән-жырдан шашу шашты
Рухани өміріміздің өрнегі саналатын аса құнды халықтың музыкалық шығармашылығы эстетикалық талғамның нәзік сезімін қалыптастыратыны белгілі. Осы бағытта мәдениет пен өнердің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан 46 жылдық тарихы бар облыстық филармония тәуелсіз мемлекетіміздің саяси-рухани келбетін айшықты өрнектейтін ұлтымыздың мәдениеті мен өнерін дамыту, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауға үн қосып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекелеріне орай көрерменге рухани ләззат сыйлау мақсаттарында облыс орталығында, аудандар мен елді мекендерде «Таразым – алтын бесігім» атты концерттік бағдарламаларын өткізді. Алдымен Байзақ ауданына табан тіреген өнер көші бірнеше топқа бөлініп ауданның Сухамбай, Кеңес, Түймекент, Сарыкемер, Мырзатай, Жетібай, Дихан, Ынтымақ, Көктал, Қостөбе, Байзақ секілді ауылдар мен елді мекендердің көрерменімен қауышып, мерекелік көңіл-күй ұсынды. Шара барысында ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздан сыр шертетін қазақ және шетел композиторларының туындылары орындалып, Тараз мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары Қарлығаш Шолпанқұлова, доцент Жұматай Исахметұлы, Ерлан Түйтебайұлы сынды аға оқытушылар көрермендерге өткен тарихымыздан қысқаша мәлімет беріп, Қазақ хандығы жайында әңгімелеп отырды. Сондай-ақ, шара Мойынқұм ауданында жалғасын тапса, алдағы уақытта басқа да аудандарды қамтиды деп жоспарлануда. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова бастаған өңіріміздегі бірден-бір өнер ұжымы наурыздың соңғы күндері Алматы қаласына барып, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының сахнасында өз өнерлерін ортаға салып, алматылық көрермендермен жүздесті. Тарихтан сыр шертетін, тағылымы мол осынау өнер мерекесі Тараз төріндегі әдемі де әуезді кештермен одан әрі әрлене түсті. Облыстық филармонияның «Кәусар» вокалдық ансамблі құрылғанына 1 жыл толуына орай өткен және «Ақкербез», «Сымбат», «Модерн-балет» би ансамбльдерінің шығармашылық кештері де өнерсүйер жамбылдықтардың көз қуанышына айнала білді.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді