
Мен Қазақстанда туылып, білім алып өскен ұрпақтың қатарынанмын. Бір замандарда ата-бабамыз тағдыр айдап осында тұрақтаса керек. Біз оған қуанбасақ, өкінбейміз. Ең бастысы, біз бақытты ғұмыр кешіп жатырмыз. Отбасымызбен және туған-туыстарымызбен Жамбыл ауданының бірқатар елді мекендерінде және Тараз қаласында өмір сүрудеміз. Қанша жылдан бері осы қасиетті топырақта тамыр жайып, өркендеп, өсіп жатсақ та, өз туған тіліміз бен салт-дәстүрімізді берік ұстана аламыз. Біз оны мемлекетіміздегі демократияның басты белгісі деп бағалаймыз. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан бері жүргізіліп келе жатқан тамаша саясаттың жемісі екені анық. Мен және бауырларым бар, өзге туыстарым да қазақ мектептерін тәмамдадық, қазақ тілінде білім алып жатқан жеткіншектеріміз баршылық. Мектеп қабырғасында жүріп қазақ қыздарымен құрбы, дос болдық. Біз бір-бірімізді ұлтқа, нәсілге қарап бөлуді, қандай да бір пікір айтуды мүлде білмедік. Қайта өзге ұлт тұрмыс-салтын танып-білуге деген қазақ қыздарының қызығушылығы мол болды. Маған қолқа салып, өзбек палауын пісіруді үйретуімді өтінетін. Ал мен олардан қазақша еттің сырын сұрайтынмын. Осылайша пікір алмасып, бір-бірімізді түрлі тағам әзірлеуге үйрете жүріп қазақ қыздарымен достығымыз бекіп, шынайы айнымас құрбы болдық. Мен олардың жанашырлығы мен бауырмалдығына, кішіпейілдігі мен инабаттылығына тәнтімін. Сондықтан мен де өзімді қазақпын деп атаймын. Осы жылды Елбасы «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялағанда біз отбасымызбен елдегі татулық пен достықтың туы тағы да биіктей түскеніне көзіміз жетті.
Рихсихон Абдурохирова, өзбек ұлтының өкілі.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді