Өткен жылы ауданда «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының екінші бағытымен өз ісін ашқысы келген 85 азаматқа 210 миллион теңге сомасында шағын несие берілген болатын. Олардың ішінде қордайлық Ерлан Райымбеков қараша айында 3 миллион теңге несие алып, өз үйінде жиһаз жасау цехын іске қосты. Ол бұған дейін өндірістік цехта жұмыс істеген тәжірибелі ағаш шебері болатын. Енді сүйікті кәсібімен өз үйінде, туыстарымен бірігіп айналысуға мүмкіндік алып отыр. Мемлекеттен берілген несиеге құны 1 миллион 700 мың теңге тұратын ағаш өңдейтін «ZAITEC» әмбебап станогін және басқа да жабдықтар мен қажетті материалдарды сатып алды. Енді Ерлан көмекшілерімен бірігіп жиһаздардың түр-түрін: үстелдер, орындықтар, түрлі шкафтар, тапсырыс берушілердің қалауы бойынша басқа да тұрмыстық бұйымдарды жасайды.
– Мемлекеттің осындай қамқорлығы ісімізді алға бастыруға үлкен серпін берді. Тапсырыс көлемі арта түсуде, сондықтан алдағы уақытта цехты кеңейте түсу ойда бар. Әлі-ақ несие қарызынан құтылып, өз пайдамызға жұмыс істейтін боламыз, – дейді жеке кәсіпкер.
Құрманбек Әлімжан, «Ақ жол».
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




