Сағыныш
Күлімдесең көзіңнен шуақ тамып,
Қуанғаннан қалушы ек қуаттанып.
Қайда кетті, жеңеше, сол бір сәттер,
Отыратын оңаша сыр ақтарып.
Шапағат пен нұр шашқан маңайына,
Мейіріміңнің шомылып арайына.
Жаңқаланған жүйкеге шипа тауып,
Жасаушы едің жақсылық ағайынға.
Бал қаймақтан басқаны жегізбеген,
Немерең мен шөберең сені іздеген.
Аяулы, асыл жеңешем, қайда кеттің,
«Адалдық пен Ананы егіз» деген.
Асау толқын теңізде тулағандай,
Аза тұтқан арманым шулағандай.
Алпыс екі тамырым солқылдайды,
Арманымның шынары құлағандай.
Қиял менен, япыр-ау, сағым құшқан,
Қайда кеткен жастық шақ алып ұшқан.
Жоғалтып ап жеңгем мен жастық шақты,
Сырқырап тұр сүйегім сағыныштан... Шырын МамасеріковаҰқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




