ҚР Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық сайлауалды штабы Алматы қаласына барған жұмыс сапарының екінші күнінде ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдерімен, ардагерлер ұйымдары және патриоттық клуб мүшелерімен, кәсіпкерлермен кездесіп, «Инновациялық технологиялар паркі» еркін сауда аймағында болып қайтты.
Алматылық зиялылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістігімен мақтанатынын айтты. Танымал ғалымдар, жазушылар, әртістер, суретшілер және режиссерлардың айтуынша, Н.Назарбаевтың басшылық етуімен біздің ел үлкен экономикалық жетістіктерге жете отырып, басты рухани құндылықтарды – халықтар арасындағы достықты, толеранттылықты, бейбітшілік пен келісімді сақтап қалды. «Барлық ғылыми қауымдастық Нұрсұлтан Назарбаевтың алған бағытын қолдайды» дейді Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов кездесу барысында. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов болса соңғы бес жыл көлемінде Мемлекет басшысының қолдауымен отандық ғылым саласына бөлінген қаражат көлемінің екі есеге артқандығын тілге тиек етті. Айтулы жиын барысында Қазақстан Жазушылар одағының президенті Нұрлан Оразалин де сөз сөйледі. Оның пікірінше, қазіргі уақыт шығармашылық адамдар үшін алтын ғасырға пара-пар. Академик Сұлтан Сартаев болса еліміздің қай қаласына барса да құрылысы жүріп жатқан нысандарды, жұмыс істеп тұрған крандарды көріп, қуанатынын жеткізді. Әйгілі әнші Әлібек Дінішев Н.Назарбаевтың мәдениет пен өнер саласына ерекше назар аударып отырғандығын айтты. Мұнан кейін Штаб өкілдері Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркі» еркін сауда аймағына барып, мекеме ұжымымен кездесті. 2011 жылдан бері аталған аймаққа қатысушы ретінде 150 инновациялық мекеме тіркелген. Олардың барлығы 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Өткен жылдың өзінде аймақ қатысушылары 10,5 миллиард теңгенің өнімін жасап шығарды. Ал олардың салық ретінде төлеген қаражаты 2,4 миллиард теңгені құрайды. Жиын барысында жас өнертапқыштар өздеріне берілген мүмкіндіктер үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді. Нақтырақ айтқанда, Елбасының тапсырмасымен құрылған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін басқаратын жас ғалым Дамир Шинабеков Назарбаевты болашақ экономикасының іргетасын өте берік етіп қалағандығын атап өтті. «Инновациялық технологиялар паркі, жаңа дәуірдің ғылыми зертханалар желісі, «Назарбаев университеті», Назарбаев зияткерлік мектептері – мұның барлығы біздің Елбасының идеясы, олар Қазақстанды дамушы инновациялық елдердің қатарына қосатыны сөзсіз» деді Дамир Шинабеков. Ал бастауыш кәсіпкер Эдуард Югай инновациялық технологиялар паркінің арқасында өз кәсібін аша білді. Ол жоғары технологиялық қондырғылар шығарумен айналысып, бүгінде алғашқы табысын алып жатыр. Сол үшін ол Мемлекет басшысына алғысын айтты. Сондай-ақ, сапар барысында Штаб өкілдері ардагерлер ұйымдары және патриоттық клуб мүшелерімен де кездесулер өткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді