«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мемлекет басшысы Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады

Мемлекет басшысы Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады
Будапештте Астана көшесі бар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында тараптар екі елдің өзара ықпалдастығының кең ауқымдағы мәселелерін, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарды талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халықтарының тарихи тұрғыдан жақындығына тоқталып өтті. – Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз. Елдеріміздің тарихи тамыры ортақ және даму жолдары ұқсас. Венгрия - біз үшін Еуропадағы маңызды тірек саналатын ел, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті екі ел ынтымақтастығы дамуының үдемелі қарқынына назар аударды. – Бұл біздің бірінші кездесуіміз емес. Бұл байланыстар біздің сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға ықыласты екенімізді көрсетеді. Біз Венгрияның Еуропа одағы елдері арасынан алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойғанын жоғары бағалаймыз. Сіздің сапарыңыз нәтижелі болуы, ынтымақтастығымыздың нақты бағыттары бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілуі үшін біз қажетті күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз,– деді Мемлекет басшысы. В.Орбан өз кезегінде Қазақстан Президентіне елге шақыру үшін ризашылық білдіріп, венгр халқының сәлемін жеткізді. – Әлемдегі күрделі ахуал жағдайында біз Сіздің бұдан арғы ынтымақтастығымыздың перспективалары жөніндегі пікіріңізді білуге мүдделіміз. Қазақстан Еуропалық одақта оның біздің ел сияқты сенімді досының бар екеніне сенуіне болады. Будапештте біз Астана көшесін ашқанымызды жеткізгім келеді. Біз саяси және мәдени байланыстарымыз тиісті деңгейде деп санаймыз, оның ар жағында Сіздің қолдауыңыздың тұрғанын да сезініп отырмыз, – деді Венгрия Премьер-Министрі. В.Орбан сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауына қатысу туралы шешімі Қазақстанның болашақтағы тұрақтылығын да қамтамасыз етудің кепілі екенін айтты. Осыған байланысты Венгрия Премьер-Министрі өз елінің атынан Мемлекет басшысына зор табыс тіледі. Қазақстан мен Мажарстан кәсiпкерлер үшiн қаржылық қор құрады Қазақстан мен Мажарстан қаржылық қор құрады. Бұл туралы кеше Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумында Мажарстанның Сыртқы iстер және сауда министрi Петер Сийярто мәлiм еттi. «Бүгiн бiз екi үкiмет арасында келiсiмге қол қоямыз. Оның аясында үкiметтер арасында стратегиялық кеңес құрылады. Саяси ықпалдастық одан әрi жақсарады деген сөз», - деп атап өттi П.Сийярто. «Екiншi - бiрлескен қаржылық қор құру. Бiрiншi қадам ретiнде бастапқыда бұл қорға әр елден 20 млн. доллардан құйылады. Бұл қор екi ел компаниялары ықпалдастығының қаржылық кепiлi болмақ», – дейдi Мажарстан министрi. Оның сөзiне қарағанда, әрiптестiкке мүдделi компаниялар үшiн несие бағыты да ашылады. «Мажарстандағы Эксимбанкке инвестиция құюға дайын компаниялар үшiн несие бағытын ашуды тапсырған болатынмын. Бұл несие бағыты бойынша Қазақстан және Мажарстан кәсiпкерлерi 50 миллион долларға дейiн несие ала алады. Мен барлықтарыңызды өзара тиiмдi қарым-қатынас орнатуға шақырамын», – деп түйдi ол. Айта кетейiк, кеше Астанада Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өткен болатын. Оған екi жақтан шамамен 300-ге жуық кәсiпкер келді. Сонымен қатар форумға ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен Мажарстан Премьер-Министрi Виктор Орбан қатысты. Ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы Қазақстан-Мажарстан бизнес форумында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты. «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді. Ал бүгінгі бизнес форум екі елдің бизнес қоғамдастығы арасындағы өзара мүдделестікті білдіреді. Қазіргі уақытта ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін жақсы жағдай қалыптасып отырғанына сенімдімін», – деді К.Мәсімов. Үкімет басшысы өз сөзінде Қазақстан экономикасының басымдығы әлемдік нарықтарда орын алып отырған энергия тасымалдаушылар құнының арзандауына байланысты экономиканы трансформациялау болатындығын баса айтты. «Осыған байланысты біз мемлекеттік және жеке сектор есебінен қаржыландыру арқылы әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдарды дамытудамыз. Бұған қоса, біз инновацияға және алдыңғы қатарлы технологияларға баса мән бере отырып, индустрияландыру бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырудамыз. Бұл жобаларды табысты жүзеге асыру біздің басымдығымыз болмақ», – деді ҚР Премьер-Министрі. Петер Сийярто: Қазақстан – Мажарстан үшiн Азияда ең басты әрiптес. Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумында Мажарстанның Сыртқы iстер және сауда министрi Петер Сийярто осылай мәлiмдеді. «Мажарстан үшiн Қазақстан - Азиядағы ең басты әрiптес. Елдер арасындағы сауда-саттық соңғы 5-10 жылда 200 миллион долларға жеткенiмен, оның деңгейi әлi де төмен. Бұл – арадағы әрiптестiктiң әлеуетi әлi жоғары деген сөз. Орталық Еуропа елдерi Еуропа экономикасының қозғаушы күшi ретiнде бағалануда, ал Қазақстан аймақтағы көшбасшы ел ретiнде белгiлi, сондықтан өсiмнiң әлеуетi баршылық», – дедi ол. Виктор Орбан: Қазақстанда мажарлықтар туыстығын жақсы сезінеді Бұл туралы Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен болған келіссөздерден кейін Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан мәлім етті. Екі ел арасындағы ынтымақтасты жаңа жоғары деңгейге шыққанына тоқталған ол: «ҚР Премьер-Министрі сапармен Мажарстанға келгенде, бұл сапар бізге өте үлкен әсер берді. Яғни, осы сапар аясында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы достық нығая түсті. Атап айтқанда, біз Қазақстанға үлкен қуанышпен келеміз. Бізді Еуропалық одақта саяси тұрғыда тең құқылы серіктес деп санайды. Алайда, шығу тегіміз бойынша біз ол жерде бөтенбіз. Брюссельге барғанымызда, біздің онда туыстарымыз жоқ. Ал Қазақстанға сапарлаған кезде, жақындығымызды сезінеміз. Сондықтан да мажар делегациясы сіздерге үлкен қуанышпен сапарлайды», – деді В.Орбан. Сөз соңында ол Мажарстан тарапы мақсатты түрде Қазақстанмен арада терең ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар