Дұрыс тамақтану – өзекті мәселе
Қазақстан коммунистік халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Солтүстік Қазақстан облысы Мәмлүт ауданының ауыл шаруашылық өндірушілерімен кездесті.
Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты екі бағыты – коммунистік партия қызметінің негізгі қағидаттары және батыстық мәдениет пен батыстық өмір сүру салтының кері әсері туралы әңгімелеп берді.
Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында атап өтілгендей, «жаһандық компьютерлендіру мен батыстық электрондық БАҚ қоғамның сана-сезімін улап, адамдардың арасына іріткі салу үшін индивидуализм принципін насихаттауда, бұл ғаламшардың мәдени тұтастығының құлдырауына алып келуі мүмкін.
Тек коммунистер ғана емес, сондай-ақ ірі саясаткерлер, экономистер, ғалымдар да батыстық қоғам әділетсіз деген пікірді қолдайды. Дамушы коммунистік идеялардың көмегімен ғана адамзатты құтқаруға болады. Ол өз кезегінде тең құқылы халықтарды, адам мен табиғаттың мүддесін үйлестіруге мүмкіндік береді.
Батыстық мәдениет пен батыстық өмір сүру стандарттарының кері әсері жайында сөз қозғаған Тұрғын Сыздықов келесі мәселелерге тоқталып өтті:
«Батыстық мәдениеттің түйткілдері қазір әркімге аян. Ол маңызды құндылықтарынан айырылып, бағытын жоғалтқан қоғам абдырап қалды.
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» демекші, батыстық қоғамда шексіз баю мен жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру өмірдің басты мәніне айналып барады.
Батыстық фильмдерде насихатталатын бейқам өмір – адам-тұтынушы тәрбиелеп шығаруды мақсат тұтатын ақиқаттан алыс аңыз ғана», – деді ол.
Одан бөлек, кандидат Сыздықов аграршылардың жұмысының, сонымен қатар дұрыс тамақтанудың маңыздылығын атап өтіп, батыстық фаст-фудтың зияны мен сапасыздығына кеңінен тоқталды.
– Дұрыс тамақтану мәселесі әркез өзекті болып қала бермек – ол денсаулық негізі. Батыс елдерде халықтың фаст-фудқа деген қызығушылығы семіздікке шалдыққан адамдардың санын еселеп жатыр. Сондықтан да, батыста жүрек-қантамыр аурулары адам өлімінің басты себебіне айналды, – деді Т.Сыздықов.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді