Батыстық құндылықтардың көлеңкелі әсерін қозғады
ҚР Президент-тігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Петропавл қаласында «МұнайМаш» АҚ жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Жиынға, кандидаттың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық сайлауалды штабының өкілдері қатысты.
Тұрғын Сыздықов басқосуға жиналғандарды өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі қағидаларымен таныстырды.
Сондай-ақ, ол ХІХ ғасырдағы ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар – Карл Маркс пен Фридрих Энгельс тарихи тәжірибеге негізделе отырып, қоғамдық дамудың объективті заңдарын жасай келе, адами қоғамды жаңа коммунистік формацияға көшіру қажеттігін теориялық негізде дәлелдеп бергенін атап өтті.
«Біз ғылыми коммунизм идеясын жалғастыруға қарай үлкен қадам жасадық. Дамудың көп кезеңді жолдарынан өттік.
Партияда партиялық бұқараны бақылау, оны бюрократияландыруға жол бермеу, даму үрдістерін болжау, ауыспалы жағдайға дер кезінде әрекет етудің тұрақты механизмдері жұмыс істейді. Мұның бәрі өмірдің тұрмыстық қажеттіліктерінен туындап, бұқараның шынайы шығармашылығына негізделеді» деп көрсетілген Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.
Сонымен қатар кандидаттың сайлауалды бағдарламасында батыстық мәдениет пен құндылықтардың көлеңкелі әсері жайында да мәселе көтерілген.
Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады.
– Себебі, тұтыну, әлеуметтік құбылыс ретінде көп жағдайда материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастыратын құндылықтар мен идеялар жүйесіне негізделген, – деді Тұрғын Сыздықов.
Оған қоса, кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасында батыстық кинематография стандарттарының кері әсері туралы мәселелерге де мән берілді.
Кездесу соңында кандидаттың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі Сергей Мартемьянов насихат жұмыстарының барысы жайында айтып берді
– Штабымыздың сенімді тұлғалары анықталды. Олар барлық ақпараттық жұмыстарды жүргізетін болады. Қолымызда жұмыс жоспары бар. Бірқатар кездесулер мен іс-шаралар жоспарланған. Біздің штаб БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатты, олар үшін есігіміз әркез ашық. Кандидатымыздың қызметі мен оның сайлауалды тұғырнамасы туралы барлық қажетті ақпараттарды ұсынуға дайынбыз, – деді Мартемьянов.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді