Қоршаған орта – адам денсаулығының кепілі
Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық сайлауалды штабы жұмысының таныстырылымы өтті.
Сайлау алды насихат жұмысының барысы туралы штаб жетекшісі Рүстем Жоламан әңгімелеп берді: «Қостанай облысындағы сайлауалды штабымыз өз жұмысын бастады, ақпараттандыру қызметімен айналысатын сенімді тұлғалар белгіленді. Алдағы күндері насихат жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, көптеген іс-шаралар өткізілетін болады. Оның ішінде студенттермен, кәсіпорындардың жұмысшы ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырмақпыз. Өзге аймақтарда да әріптестеріміз кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын халыққа жеткізумен айналысады.
Қостанайлық штабтағы кеңсеміз журналистер мен бақылаушылар үшін әркез ашық, насихат жұмысы туралы және басқа да қажетті ақпараттарды осы жерден алуға болады.
Әбілғазы Құсайынов өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді.
– Менің ойымша, әлемдік проблемалар рейтингінде экология мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бірінші орынға шығуы керек. Экологияны жеке үйің туралы ғылым ретінде түсініп, қабылдау маңызды. Біз экологиялық қауіпсіз дамуға көшу міндеттерін адамзат дамуымен қатар қарастыруды мақсат тұтамыз.
Атап айтқанда, экономиканы экологиялық таза, қоршаған ортаға зияны жоқ аз шығынды технологиялардың көмегімен түрлендіру дамудың басты негізіне айналуы тиіс.
Жаңа құрылысты бастарда, өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосарда, кез-келген шаруашылықты жүргізу кезінде экологиялық мәселелер ескеріліп, бірегей табиғи ландшафттардың, флора мен фаунаның қауіпсіздігіне көңіл бөлінуі керек. Жағымды экологиялық орта – адам денсаулығының кепілі, – деді кандидат.
Сарапшылардың пікіріне сүйенген Ә.Құсайыновтың айтуынша, әсіресе, ғаламшардың 1/3 бөлігі тұратын әлемнің халқы аса көп елдерінде экологиялық жағдай мүлде мүшкіл. Ауаның, судың ластануы, сапасыз азық-түлік адамзатқа үлкен қауіп төндіріп тұр. Сарапшылардың болжамынша, 30-35 жылдан кейін ластанған ауа 3,6 миллион адамның өлімінің басты себебіне айналады, олардың басым бөлігі – жоғарыда атап өткен аймақтардың тұрғындары.
Тағы бір ескеретін жайт, қазіргі заманғы экологиялық қолайсыз орта адамның тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, жалпы ғаламшардың табиғи экожүйесінің қалыпты жұмысына әсер етіп, су ресурстарының, климаттың өзгеруіне алып келуде.
Адамның биосфераға ықпалынан ғаламшардың жылу режімі өсіп, радиоактивті айнала кеңіді, әлем мұхиттары ластанып, жаңартылмайтын шикізат қоры азайды. Табиғаттың экологиялық жүйесі өзін-өзі тазартып үлгермей жатыр. Ал адамзат өркениетінің қысымы төмендер емес.
Қорыта айтқанда, табиғатты қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне үлкен маңыз берілуі керек.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді