ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ СЕНІММЕН ҚАРАЙДЫ
Кеше Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ə. Назарбаевтың РҚШ мүшелері Павлодар облысының өндіріс объектілерінде болып, аймақ белсенділерімен кездесті, деп хабарлады кандидаттың штабы. Делегацияның құрамында республикалық қоғамдық штабтың басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали жəне т.б болды. Павлодар қаласында Н.Ə. Назарбаевты қолдаушы – Қазақстан электролиз зауытының
металлургтерімен, «Алюминий Казахстана» АҚ энергетиктерімен, Ақсу ферросплав
зауытының, Еуроазиялық энергетикалық корпорацияның жұмысшыларымен, сондай-ақ, «Екібастұз қаласында «Богатырь-Көмір» АҚ кəсіпорнының жұмысшыларымен кездесу болды. Бұдан басқа, РҚШ мүшелері Павлодар
облысының үкіметтік емес секторының өкілдерімен жəне Луганск ауылындағы
Мəдениет үйінде «Луганск» өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен кездесті.
Алғашқы кездесудің Қазақстандық электролиз зауытында өткені есте
қаларлықтай, мұнда осыдан 7 жылдан астам уақыт бұрын Елбасы осы кəсіпорынды ашқан кезде былай деген болатын: «Мен металлург ретінде осындай зауыт туралы армандаған едім. Енді Қазақстан шикізат өндірумен жəне сатумен қатар оны əлемдік нарыққа шығарады». Мəселен, 2009 жылы қазақстандық алюминий лондондық металдар биржасында ресми тіркелген болатын, ал 2010
жылы əлемдік деңгейдегі «Еуропалық сапа» наградасына ие болды.
Республикалық қоғамдық штабтың басшысы М. Құл-Мұхаммед өз сөзінде
Елбасының тұрақты қолдауының арқасында Павлодар облысы Қазақстанның
жаңа индустриялық - инновациялық экономикасының көш басынан табылды деп
атап өтті. «Қуатты алюминий өндірісі, жаңа мыс қорыту алыбы, Ақсу ферроқорытпа
зауыты, сондай-ақ, мына сіздер еңбек ететін электролиз зауыты əрбір павлодарлық отбасының жайлы тұрмысына сенімді негіз болуда. Сондықтан мен сіздердің осынша қамқорлық жасаушы Ұлт Лидеріне дауыс беретіндеріңізге сөзсіз сенімдімін!», – деді республикалық қоғамдық штабтың басшысы.
Павлодарлықтар жеделдетілген индустриалдық - инновациялық даму
бағдарламасы үшін Н.Ə. Назарбаевқа алғыстарын білдірді, аталған бағдарламаның
шеңберінде ғана соңғы 5 жылда облыста 94 жоба іске асырылып, 11000-нан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. «Елбасы өзінің еңбек жолын қарапайым
металлург болып бастады. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіздің бағасын, сіздердің
арман-мүдделеріңізді, сіздердің маңызды проблемаларыңызды сөз жүзінде ғана
емес, өз тəжірибесінен жақсы біледі. Еңбек адамы – Мемлекет басшысы саясатының, Бірлік, Бейбітшілік пен Келісім саясатының тұғыры! Алдағы болатын сайлау біздің бірлігіміздің жəне Лидеріміздің төңірегіне топтасатынымызды тағы да көрсететініне сенімдіміз! Елбасыға дауыс бере отырып, біз тұрақты, гүлденген жəне қуатты Қазақстан үшін дауыс береміз!», - деді, Екібастұз қаласындағы «Богатырь-Көмір» ЖШС-ның жұмысшыларымен кездесу барысында
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Кездесуге мыңдаған павлодарлықтар қатысты. Олар сөйлеген сөздерінде бүкіл
ғаламдағы дағдарысқа қарамастан, Мемлекет басшысы саясатының арқасында Қазақстанда жаңа кəсіпорындар ашылып, инновациялық технологиялар енгізіліп жатқанын жəне қазақстандықтардың жұмыспен қамтылғанын, ертеңгі күнге сеніммен қарайтынын атап айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді