Көзде – тұман, ашылмайды, кетпейді, Жанарыма жарық сәуле жетпейді. «Неге бұлай?» десем, таныс дәрігер: «Жазылады, – дейді, – ештеңе етпейді». Қайран көзім, тұратұғын мөлдіреп, Тез ашыл да, өміріме бол тірек! Сен көрмесең – менің күнім не болар, Басамын ғой жүріп әлі жолды көп. Өмірден бұл алар әлі көп еншім, Тағдыр шіркін аямайды-ақ екен шын. Сенен, көзім, үмітімді үзбеймін, Өшіп-жанған шырақтай жарқ етерсің! * * * Көзді шырақ демей ме! Көз жеткізер мерейге. Бірақ, оны пендең бұл Көзі аманда елей ме?! Әудем жер жүру болар мұң, Көрмесең жарық дүниені. Соқырға әлем қараңғы, Осыған жаным күйінеді! Қадірін жаста білмедім, Бұған да көңілім алаң ба? Бақытты болып жүргенің Екі көзің аманда!
Манан ОСПАНҰЛЫ, зейнеткер. Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




