«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Батыстық мәдениеттің көлеңкелі ықпалын қозғады

Батыстық мәдениеттің көлеңкелі ықпалын қозғады
ашық дереккөз
Батыстық мәдениеттің көлеңкелі ықпалын қозғады
ҚР президенттігіне кандидат Т.Сыздықов Көкшетау қаласында бірнеше кездесу жиындарын өткізді. Алғашқы іс-шара «Көкше» Академиясында» өтті. Жиынға қатысқандардың дені студенттер болды. Жиынды ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Д. Мәжитов жүргізіп отырды. Т.Сыздықов өз сөзінде батыстық мәдениеттің көлеңкелі ықпалы туралы мәселе көтерді. «Голливудтік фильмдер мен батыстық компьютерлік ойындар зорлық-зомбылыққа толы. Батыстық мәдениеттің негізінде зорлық-зомбылық пен адамгершілікке жат қылықтар, өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға деген құлшыныс жоқ. Батыстық тамақтану жүйесі, өлшеусіз көлемде фаст-фуд тұтыну да адамдардың денсаулығын қауіпке тігіп отыр. Бұл жүйе аз шығынмен мол табыс табуды ғана мақсат тұтады. Зиянды азық-түлікті тұтынудың салдарынан түрлі ауру-сырқаулар туындауда. Дұрыс тамақтанбау және саламатты өмір салтын ұстанбаудың кесірінен семіздікке, ақыл-естің ауытқуы сынды түрлі дерттерге шалдыққан елдер рейтингінде Батыс мемлекеттері алда келеді», - деп атап өтті Т.Сыздықов. Т.Сыздықов «Көкшетау минералды сулары» ЖШС жұмысшыларымен де кездесті. Іс-шараны ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Д.Мәжитов ашты. Бұл басқосуда да Т.Сыздықов батыстық үлгідегі мәдениеттің көлеңкелі тұстарын сөз етті. «Барлық компьютер ойындарында балалардың санасына терең бойлап, агрессия тудыратын вирустар бар. Батыстан ескен зорлық-зомбылыққа негізделген насихат адамды ақыл-естен, парасаттан айырады. Шетелдік киім-кешек, музыка, фильмдер мен сериалдар жастарды «дуалап» қойғандай. Батыстық өмір сүру салтының кесірінен бала туу деңгейі төмендеп, жастар жауапкершіліктен қашуда. Тіпті, Батыстағы мультфильмдердің түр-тұрпаты жоқ кейіпкерлері бір-бірін балағаттап, қырып-жойып жатады. Мұның бәрі жоғарыда атап өткен күрделі мәселелердің бірден-бір себебіне айналды. Дәл осындай батыстық өнімдер балаларымызды қатыгездікке, арсыздыққа тәрбиелеуде. Голливудтік стандарттардың бәрі тек табыс табуға негізделген. Соның салдарынан Батыста адамдар бір-бірімен араласудан қалды», - деді Т.Сыздықов.

Ұқсас жаңалықтар