Экологияның өзекті мәселелерін сөз етті
Алматыда Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов бірқатар кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Алғашқы жиын «ОБИС» Компания» ЖШС-да өтті.
Басқосу барысында Ә.Құсайынов экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесін көтерді.
«Бүгінде ғаламшарды айналған озон қабатының бұзылуы, әлем мұхиттарындағы судың, жердің ластануы, топырақтың құнарсыздануы, биологиялық тіршіліктің азуы және тағы басқа мәселелер өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта экология биологияның шеңберінен шығып, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін пәнаралық ғылымға айналды.
Экология «адам – табиғат» проблемасын зерттеуде күрделі әрі ұзақ жолдан өтті.
Адам мен Табиғат арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі бар. Адамға сана берілді, сол арқылы ол табиғатта алатын орнын айқындап, Жер жүзінде өз жаратылысының мәнін түсінуге мүмкіндік алды», - деді Ә.Құсайынов өз сөзінде. Сонымен қатар ол қазіргі таңда экологияның «адамзаттың жеке үйі» – биосфера туралы, оның ерекшеліктері, адаммен қарым-қатынасы және байланысы, ал адамның жалпы қоғаммен байланысы туралы ғылым деп те аталып жүргендігіне тоқталды.
Оның пікірінше, биология шеңберіндегі дербессіз пәннен экология кешенді пәнаралық ғылымға – айқын дүниетанымдық мазмұны бар заманауи экологияға айналды.
Бүгінгі күні экология тірі организмдердің қоршаған ортамен байланысы туралы биологиялық ғылым деген бастапқы түсінігінен алшақ бірнеше ғылыми салаларға және пәндерге бөлінеді.
Осы орайда ол: «Қазіргі заманғы экология тек биологияның ғана емес, жалпы жаратылыстану ғылымдарының шеңберінен дараланып шықты. Заманауи экологияның идеялары мен принциптері дүниетанымдық мазмұнға ие, соның негізінде экология адамзат және мәдениет туралы ғылымдармен ғана емес, сондай-ақ, философиямен де тығыз байланыста. Жүз жылдан астам тарихы бар ғылымның осыншалықты өзгеріске ұшырауына қарап, заманауи экология серпінді дамушы ғылым деген қорытынды жасауға болады», - деді Ә.Құсайынов сөзінің түйінінде.
Жалпы алғанда Ә.Құсайынов пен жұмысшылар арасындағы кездесу мазмұнды әрі қызықты өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді