Қарағандылықтар қызу қолдауда
Кеше Қазақстан Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері аймақтар бойынша насихат жүргізу үшін жолға шықты. Насихат тобы ең алдымен Қарағанды облысына ат басын бұрды. Мұның өзіндік себебі де бар еді. Өйткені, Ұлт Көшбасшысының еңбек жолы дәл осы жерден бастау алған болатын.
Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚХА Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрім, мәжіліс депутаттары Майра Айсина, Асқар Базарбаев, Мұхтар Тінікеев және Серікжан Қанаев, сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және басқа да танымал қазақстандықтар бар.
Штаб мүшелері еліміздің өндіріс орталығында аймақ активтерімен, студент жастармен, кәсіпкерлермен, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ шахтерлерімен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Қарағандылықтар үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс білдірді. Осы бағдарлама аясында соңғы 5 жылда облыста 59 кәсіпорын іске қосылып, 5000 жаңа жұмыс орны ашылды.
Аймақтың қоғам қайраткері Татьяна Савицкая қазақстандық әйелдер қауымы атынан елімізде орнаған бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз ризашылығын жеткізді.
Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі атап өткендей, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеретін ұлы өзгерістерге қарай қадам басқалы тұр.
Кездесулерге мыңдаған қарағандылық қатысты. Өз сөздерінде олар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында еліміз зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.
Халық мемлекетімізді мықты көшбасшы басқарғанын қалайды. Сол себепті Орталық Қазақстанның тұрғындары бірауыздан 2015 жылы 26 сәуірде республикамыздың гүлденуі үшін, яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін дауыс беретіндерін мәлім етті.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді