Жуков орденінің иегеріне құрмет
Наурыз мерекесіне орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы Тараз қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Белова Раиса Федоровнаны құттықтап, ескерткіш сыйлық тарту етті.
Соғыс жылдарында Раиса Федоровна небәрі 15 жаста еді. Ол өзінің өжеттілігінің арқасында Ленинград майданының жанындағы госпитальда санитар болып жұмыс істеді. Жаумен кескілескен шайқаста жараланған солдаттарды көзбен көрген соғыс ардагері олардың жеңіске жетуге деген рухы күшті болғандығын тебіреніспен баяндап берді.
«Әлі есімде. Аяғын граната жұлып кеткен бір подполковниктің ертеңгі күнге деген үмітін жоғалтпай, «қарындасым, біз әлі билейтін боламыз» деп айтқаны бар еді», – деді Раиса апамыз көзіне үйірілген жасын сүрте отырып.
Раиса Белова Жуков ордені және Ерлігі үшін медальдарымен марапатталған. Ардагерлер әрдайым қамқорлық пен құрметке лайық. Біз бүгінгі тыныштық пен бейбітшілік күн үшін ол кісілерге алғысымызды білдіреміз.
Назира Әбдікерімова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді