Әлеумет
«Гауһартас» мейрамханасы бейкүнә балаларға дастархан жайды
- author «Ақ жол»
- 30 наурыз, 2015
- 353
«Гауһартас» мейрамханасы бейкүнә балаларға дастархан жайды
«Гауһартас» мейрамханасының басшысы Меруерт Лештаева мүмкіндігі шектеулі балалар үшін Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық түскі ас берді.
Жастайынан тағдырдың салмағын әлсіз иінімен көтеріп келе жатқан жарымжан балалар ақ дастархан басында көктемнің тіл үйірер дәмі – наурыз көжеден дәм татып, әдемі де әсерлі кештің куәсі болды. Балаларға арнап облысымыздың танымал әншілері әнін әуелетіп, сазын төкті. Олардың қатарында дәстүрлі әнші Нұргүл Әбдрашева, облыстық филармонияның әншісі Қарлығаш Жанбаева, сондай-ақ, қазақ тілімен қоса өзге ұлттардың да әнін шырқайтын Қарагөз Сағынтай сынды әншілер бар.
Мерекелік дастархан иесі Меруерт Лештаеваның айтуынша, бұл шараға қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары шақырылған екен. Жалпы саны 112 адамға жайылған дастархан түрлі мәзірмен толтырылған.
– Қайырымдылық жасау – бұл кез-келген қоғамның ізгі міндеті. Біз қалыптасқан дәстүрмен биыл да Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып отырмыз. Жарымжан балалардың көңілі үшін, олардың жұрттан қалмай көктем мерекесін сезінуі үшін біз осы бір ізгі шараны қолға алдық, – деді Меруерт Каттабайқызы өз сөзінде.
Іс-шараның соңында мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары бұл іске өз ризашылықтарын білдірді.
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді