Меркі ауданындағы «Үміт» сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай «Шаңырағы биік шаттық» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Шараға алпысқа жуық адам қатысты. Балауса жастар да көрменің маңынан табылды. Әр ұлт өкілдері суреттерін, қолөнер бұйымдарын назарға ұсынды. Түрік, өзбек ұлттары өкілдерінің туындылары көзге керім әсер сыйлады. Бұл күні «Үміт» сарайына жиналғандар достықтың, татулықтың іргесі қашанда биік екенін терең түйсінді. Көрмедегі заттарға қызығушылық көп болды. Шара соңына қарай жиналғандар жұртшылықты кезектен тыс өтетін Президент сайлауына бір кісідей қатысуға шақырып, бұл ел болашағы үшін маңызды қадам екеніне тоқталды. Жиналған халық көрмеден әдемі әсермен, керемет көңіл-күймен тарқасты. Ал Талас ауданында «Ассамблея – әрбір сәттің тірегі» деген ұранмен Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының жастармен кездесуі өтті. Сол секілді Мойынқұм ауданында да Ассамблея жылына орайластырылған «Отанымыз бір» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Шара соңында ұйымдастырушылар алдағы сайлауға белсене қатысуға шақырды.
«Ақ жол-Ақпарат».
Меркі, Талас, Мойынқұм аудандары.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді