Мақсат – Қазақстанның қуатын арттыру
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында облыста бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі Меркі ауданында өткен «Тиімді жастар саясаты – мемлекеттің дамуы» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы.
Меркі ауданындағы №9 колледжінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының және Меркі ауданы әкімдігі жастар орталығының бас болуымен өткен шарада «Қазақстан – 2020» Болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жолдары және жастар саясатына қатысты көптеген мәселелер сөз болды. Аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Фархад Дадабаев білімгерлерге мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын түсіндіру мен жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар легі Байзақ және Сарысу аудандарында да өтті. Байзақта «Бір ел – бір тағдыр» деген атпен арнайы акция ұйымдастырылса, Сарысудың Мәдениет үйінде «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» тақырыбымен конференция ұйымдастырылды.
Бұл шаралардың барысында мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттары түсіндіріліп, жиылған жұртшылықты 26 сәуір күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға белсене қатысуға шақыру жайы сөз болды.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Меркі, Байзақ, Сарысу аудандары.
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- Бүгін, 16:53
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- Бүгін, 16:40
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




