Кәсіпкерлікке кең өріс
«Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалында ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың сайлауалды қоғамдық штабының ашылу рәсімі өтті. Онда ең алдымен Үкімет тарапынан шағын және орта бизнеске көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы сөз болды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының кеңесшісі Д.Джунусов несие алудың тиімді жолдарын түсіндірді.
Олар сондай-ақ, 26 сәуір күні өткізілетін Президент сайлауына белсенділік танытып, лайықты таңдау жасаудың еліміздің болашағы үшін маңызды екендігін атап көрсетті.
Жалпы, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтіп, мемлекеттік қолдауларға ие болудың тетіктері облыстың өзге аудандарында өткен іс-шаралар барысында да түсіндірілді. Мысалы, Шу және Қордай аудандарында облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің кәсіпкерлікті дамыту бойынша ақпараттық-насихаттық тобының аудан кәсіпкерлерімен кездесуі өтті. Айта кетерлігі, бұл басқосулар барысында да сайлауға ұйымшылдықпен қатысу мәселесі әңгіме өзегіне айналды.
«Ақ жол-Ақпарат».
Талас, Қордай, Шу аудандары.
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




