Жастарға белсенділік жарасады

Жастарға белсенділік жарасады
ашық дереккөз
Жастарға белсенділік жарасады
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «жасотандықтар» Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, атаулы көмектер көрсетті. Аталмыш шара барлық аудандарда өтті. Акция аясында облысымыздағы 70 ардагерге көмек көрсетілді. Қарттарға көмек қолын ұсына жүріп, жастар сәуір айында өтетін Президенттік сайлауға атсалысу жалынды жастардың да міндеті екенін еске салды. Ел тағдырына тікелей қатысы бар шарадан ешкімнің де шет қалмауы керектігін алға тартты. «Жасотандықтар» тарапынан көмек көрсетілген соғыс ардагерінің бірі – Бердалы Қарымсақов ақсақал. Ол 1924 жылы 8 наурызда Талас ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. 1942 жылы қыркүйек айында Жамбыл қалалық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынады. Жуков басшылық ететін дивизияның 250-запас полкы құрамында болды. Алғаш атқыш-автоматшы болып Ленинградты қорғау ұрыстарына қатысты. Содан майдан жолдарымен Берлинге дейін жетті. Ленинградтан кейін Киевті, Сталинградты қорғауға қатысып, Австрия, Венгрия, Германия жеріндегі ұрыстарда болды. 1944 жылы шілде айында оныншы атқыштар полкында болып, жарақат алып, госпитальда емделіп шыққан. 1944 жылдың желтоқсанынан 1946 жылдың қараша айына дейін байланыс ротасында телефонист болады. Сол қараша айында елге оралған. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Қарулы Күштер» мен «Жеңістің Мерейлік», «Маршал Жуков», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған. Бүгінде ардагер қарттың 12 ұл-қызы, 36 немересі мен 12 шөбересі бар.

Уәлихан БОЛАТБЕК, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы.

Ұқсас жаңалықтар