Наурызға тілек
Көңіліме қуаныштың шамын бұрып,
Тұрғанда арайланып, таңым күліп.
Әз Наурыз, Науша Наурыз,
Наурыз көк боп,
Келгенің жақсы болды-ау сағындырып.
Бергендей елге көрік, жерге көрік,
Бүршіктер бусанып тұр терге бөгіп.
Әз Наурыз, әсем Наурыз дем лебіңнен,
Оянып кеткен қалай бел көгеріп.
Кеткесін қатал қыстың көші мүлде,
Төскейдің толмақ енді төсі гүлге.
Әз Наурыз, Отанымды, отбасымды,
Бақыттың тербете кел бесігінде.
Жарасып көңілдердің жылылығы,
Қаттырақ шығып достық шұғыл үні.
Халқыма береке мен бірлік боп кел,
Ұлыстың ұлағатты ұлы күні!
Алаңдау көңілімнің белі бекіп,
Отырмын заман демін көріп, оқып.
Дағдарыс кетсе екен желіп өтіп,
Жасытпай, жалындырмай, жәудіретпей,
Әрбірі мемлекетімнің мелдектердей,
Өзіңмен әкеп тұршы еліме құт.
Ризығым асты-үстінде қара жердің,
Бірімін бақ-дәулеттен дәмелі елдің.
Қаратпай өктем өзге, құтсыз қолға,
Жыл сайын несібемді ала келгін! Қуандық Шолақ, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




