Қош келдің, әз Наурыз!
Наурыз мейрамы туралы ұғымдарды кеңейту, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге насихаттау мақсатында Жамбыл кітапханасында «Наурыз – шаттық әніміз, салтанатты сәніміз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Онда Наурыз тойының дәстүрлерімен, Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғылармен және қазақтың салт-дәстүрлері «Келін түсіру», «Тұсаукесер» рәсімдері көрсетілді.
Сондай-ақ, Наурыз мейрамының ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері насихатталып, туысқан өзбек, қырғыз, татар әндері мен билері биленіп, мереке достыққа ұласты.
Мереке аясында Қазақ соқырлар қоғамының және Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік бірлестігінің мүшелеріне мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.
Әлия Елтүзерова, кітапхана әдіскері.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




