Ұлысты ұйыстырған ұлт
Бүгінде жасым сексен бірге қарады. Өткеннің бәрін ой елегінен өткізе келіп айтарым: қоныс аударып келген қиын кездері қазақтай мейірбан халықтың кең құшағы болмағанда ұлт ретінде сақталып қалуымыз неғайбыл еді-ау. Қазақтар алыстан арып-ашып келген бізді үйлеріне паналатты, өз балаларының аузынан жырып ас-ауқатымен бөлісті, «переселендердің» жаңа жерге бой үйретіп, сіңісіп кетуіне барынша қолдау көрсетті. Кейіннен кавказдықтардың біразы туған жерге қайта қоныс аударды. Олардың қатарында анам мен төрт бауырым Кисловодскіге қайтты. Мен әжем мен әкем жерленген киелі топырақты тастап кете алмадым, қарындасым Соня екеуміз Қордайда қалып қойдық. Қазақ жері біздің екінші отанымызға, қазақтар бауырымызға айналды. Кавказға қайтқан туыстарымыз ара-тұра қонаққа келгенде Қазақстанның бүгінгі өзгерген келбетіне таңдай қағып тамсанады. Шынында да солай еліміздің бүгінгі жетістіктерінің барлығы көп ұлтты халқының ынтымағы мен бірлігінің арқасында болып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық игіліктердің ұйытқысы болып келеді. Тек қарашайлар емес, тағдырдың жазуымен әр кезеңде қазақ жерінен қоныс тапқан басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілдері де мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқына зор құрметпен қарайды.
Наурыз мейрамы кавказдық халықтарға да ортақ. Қазақстанда бұл мейрам жаңаша сипатқа ие болып, жаңа жылдың басталуымен қатар, халықтарды жақындастыра түсетін, береке мен бірлікке шақыратын мерекеге айналған. Наурызымыз құтты болсын, береке- бірлігіміз нығая берсін, ағайын! Иосиф Коркмазов, зейнеткер. Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді