Наурызды асыға күтеміз
Әзірбайжан этномәдени бірлестігі ұлтаралық келісім, жастар тәрбиесі, салт-дәстүрлерді ұлықтау мақсатында атқарылатын көптеген істерге, мәдени шараларға мұрындық болып келеді. Бұл – біздің азаматтық парызымыз. Биылғы Қазақстан халықтары Ассамблеясы жылында белсенділік тіпті еселене түсті. Осы орайда, бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің күні саналатын Наурыз мейрамын асыға күттік. Наурыздың тәлім-тәрбиелік, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Шығыс халықтарының бүкілхалықтық мейрамының сипаты бір болғанмен, оны тойлауда әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері бар екендігі белгілі. Мәселен, әзірбайжандар мерекелеуді бір ай бұрын бастайды. Ай ішіндегі 4 аптаның әр сейсенбісінің ерекше жоралғылары бар. Соңғы сәрсенбі – «ахыр черченбэ» күні 7 оттың үстінен секіру, «папах атты», «гулах асты» рәсімдері жасалады.
Сондай-ақ, «Наурыз төбеде» өтетін ұлан-асыр тойда өзге этномәдени бірлестіктер бас қосып, ортақ қазақ үй тігуді жоспарладық. Бұл қасиетті мейрам біздің бауырластығымызды одан ары бекіте түспек. Эльмира Асланова, әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі. Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді