Қордайлықтардың қолдауы
Бүгінде «Нұр Отан» партиясының өкілдері азаматтардың мүдделерін қорғау, оларға қол ұшын созып, қажетті заңдық, ақпараттық және өзге де бағытта көмек көрсету үшін қоғамдық қабылдау шараларының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда.
Осы мақсатта 16 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында Ашық есік күні өтіп, онда келген азаматтардың талап-тілектері, өтініштері тыңдалып, бағыт-бағдар, ақыл-кеңес берілді.
Партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Сырманов пен партияның белсенді мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Төле Сүгірбай жүргізген шарада 8 азамат әртүрлі мәселелерін алға тартты. Негізінен сайлау учаскесіне тіркелу, балаларға берілетін жәрдемақы, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, сонымен қатар, өз кәсіпкерлік ісін ашуға қатысты түскен сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, құзырлы мекемелердің қарауына жолданды.
Сонымен қатар, бұл күні партия мүшелері азаматтарды алда болатын сайлауға белсене қатысуға шақырып, аталған шараның ел тағдыры жолында айтулы науқан екенін жете түсіндірді.
Құрманбек Әлімжан, «Ақ жол».
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




