Келелі жиындағы кеңес
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауындағы көліктік инфрақұрылымды дамыту мәселесі «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы фракциясының отырысында кеңінен сөз болды. Отырысты қалалық мәслихаттың депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Қ. Бекболатов жүргізіп отырды. Онда аталған мәселемен қатар, сәуір айында өтетін Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанына дайындық жұмыстары мен сайлауға қатысуды халық арасында үгіттеу жұмыстарының мәселесі де сөз болды.
Жиында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өткен жылдарда атқарған жұмыстары жайлы сөз болды.
Биыл қала бойынша 1928589,00 мың теңгеге жалпы ұзындығы 46 шақырымды құрайтын жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, Таразда 45 автобус аялдамасы орнатылмақ.
Маржан Кәрімжанқызы, журналист.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Тағдыршешті мәселелер қозғалды
- 22 қаңтар, 2026
Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 92,32 пайызға жетті
- 22 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




