Әркімнің дауысы маңызды
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында партия Саяси кеңесінің отырысы өтті. «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту» тақырыбын арқау еткен бұл шарада партияның Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Тілепов:
– Өткен жылы біз 35 мүгедек азаматты жұмысқа орналастыруды жоспарлап, нәтижесінде 55 мүмкіндігі шектеулі жанды жұмыспен қамтыдық. Оның 32-сі көлік жүргізушісі, электрик, күзетші секілді мамандықтар бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. 14-і қоғамдық жұмысқа тартылып, 4-еуі «Жастар тәжірибесі» бойынша, 5-еуі әлеуметтік жұмысшы ретінде еңбек етуде. Ауданымыздағы мұндай жандарға қамқорлық көрсету, оларды жұмысқа орналастыру мәселелері ұдайы назарымызда, – деді.
Келесі кезекте сөз алған партияның аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының мүшесі М. Қалабаев пен аудандық «Зағиптар қоғамының» төрағасы Е. Мұхамбет мұндағы мүгедектерге көрсетіліп жатқан көмектерге тоқталып, әлі де шешімін күткен проблемаларды тілге тиек етті.
Жиын соңында «нұротандықтар» тұрғындарды алдағы сайлауға қатысуға, дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




