Құқықтық кеңестер берілді
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына 50-ден астам азамат қайырылып, түрлі мазмұндағы арыз-шағымдар берген. Тұрғындар көтерген мәселелер де әр алуан әрі ауқымды. Солардың қатарында тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналастыру, коммуналдық қызметтің жұмысына шағым, жеке құрылысқа жер телімін бөлу, балабақшаға балаларын орналастыру, материалдық көмек, жәрдемақы мен зейнетақылар мөлшерін қайта есептеу, демалыс орындарына жолдама, медициналық қызметті бақылау сынды өзекті мәселелер бар.
Таяуда қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ашық есік күні өтті. Келушілерді партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Үсіпбеков қабылдады. Қабылдау барысында азаматтарға жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікпен айналысу, газ, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берілді.
Ашық есік күніне келушілерді «нұротандықтар» алдағы сайлауға бірлікпен қатысуға шақырды.
Абылай Сәрсен.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Тағдыршешті мәселелер қозғалды
- 22 қаңтар, 2026
Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 92,32 пайызға жетті
- 22 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




