Әрбір азаматтың борышы
«Нұр Отан» партиясы Меркі аудандық филиалының ғимаратында Ашық есік күні өтті. Онда партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Г.Михеев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Иманбетов, партия аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі А.Османов қабылдау жүргізіп, мұнда қайырылған тұрғындардың өтінішін тыңдады. Қабылдау барысында азаматтар өздерiнiң қордаланған мәселелерiн айтып, олардың шешiмiн табуына қол ұшын берудi сұрау мүмкiндiктерiне ие болды.
Кездесуде азаматтарды толғандырған түрлі мәселелер өз шешімін тауып жатты. Мысалы, аудан тұрғыны Г.Тиалмашова «Өрлеу» жобасы аясында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша кеңес алды. Өтініш иесінің қайырылған мәселесі бойынша толық мәлімет беріліп, «Өрлеу» жобасы жөнінде түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Жалпы, кездесу барысында 4 азамат қабылдауға келіп, 1 азаматтың мәселесі оң шешімін тапты, 3 азаматтың мәселесі қарастырылу үстінде.
Қабылдауға келген барлық азаматтарға алда болатын президенттік сайлау жайында да толыққанды мәліметтер берілді. Әрбір азаматтың борышы болып табылатын бұл науқанға қатысудың қаншалықты маңызды екені түсіндірілді.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді