Қыз тағдыры ойыншық па?
Қыз алып қашу дұрыс па? Бойжеткен қаламаса да келін етіп алу қандай қисынға сыяды?! Ал көнбеген қызға неге сонша қарғыс айтамыз? «Бәріміз де солай келгенбіз, ештеңе емес, кетсең бақытсыз боласың, бағың жанбайды» деп, одан қалды кемпірді табалдырыққа жатқызып, «Жасымды сыйла, аттап кетсең қарғаймын» дейтіндері де бар. Соның керегі не?
Қойды өңгергендей көлікке атып ұрып, жан-жақтан жабылып жатып табалдырық аттатып, «Енді бақытты боласың» деу не бейбастық? «Қызы қайтып келіпті» деген атқа кімнің қалғысы келер дейсіз, қуып келген қуғыншылар «Әке-шешеңді ұятқа қалдырасың, сенің бақытты болғаның керек бізге, елдің өсегіне қаласың» деп, қызды жылатып тастап кететінін де көріп жүрміз. Ондай қыздар бақытты болып кетсе жақсы. Танымайтын жігіт нашақор, араққа үйір, жатыпішер болып шықса ше? Сондықтан «Қыз мұраты – кету» деп бір жақты қарамай, оның да адам екенін, оның да сезімін ескерсек игі.
Айнұр Әбиірбек, студент.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді