Қазақстан – ортақ Отанымыз
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай елімізде жарияланған «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» акциясы аясында облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасы өңіріміздегі мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының емделушілері назарына «Ұлт – ұлысқа ортақ үй – Қазақстан» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашылар ұлтаралық келісім татулықтың негізі екенін түрлі мысалдар арқылы баяндап отырды. «Ынтымағы жарасқан туған елім – Қазақстан» тақырыбындағы кітап көрмесіне сектор кітапханашысы Г. Асубаева библиографиялық шолу жасады. Кітапханашылар Отан, достық, бейбітшілік тақырыптарындағы ақындардың өлеңдерін оқыды, ән шырқады. Емделушілердің көңілінен шыққан кеш соңы «достық» биімен түйінделді. Соңыра облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының директоры Е. Жүнісов кітапханашыларға алғысын білдірді.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




