Үміткерлерді тіркеу аяқталды
Еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауына қатысуға ниеті бар үміткерлерді тіркеу аяқталды. Дегенмен, тіркеліп үлгерген үміткерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі комиссия 18 наурызға дейін жұмыс істейді.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев мәлім етті. 16 наурызға қараған түнгі сағат 00.01-де Орталық сайлау комиссиясына 27 өтініш тіркелгенін атап өткен ол: «17 наурыз күні біз қолдағы барлық материалдарды өңдейміз де, қанша адамның шығып қалғанын мәлім етеміз. Қазіргі уақытта біздің қолымызда саяси науқаннан бас тарту материалдары, емтиханға келмей қалған үміткерлер бар. 18 наурызға дейін лингвистикалық комиссия жұмыс істейтін болады. Біз кестесін жасадық. Одан ары қалай өрбитінін көреміз», – деді ол.
Айта кетсек, соңғы сәтке дейін 27 азамат Президенттікке үміткер ретінде ұсынылды. Олардың екеуін саяси партиялар ұсынса, 25-і өзін-өзі ұсынып отыр. Осы 27 адамның ішінде 10 адамға Президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартылды. Олардың ішінде 2 адам жасы 40-қа толмауына және 8 адам лингвистикалық комиссия сынынан өте алмауына байланысты тіркелмеді. Үш үміткер лингвистикалық комиссияның емтиханына келмеді және бір адам өзінің өтінішін қайтып алды.
5 үміткер лингвистикалық комиссиядан, басқа да тексерулерден өтіп, Конституциясы мен «Сайлау туралы» Заңына сәйкес деп танылды. Оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев кандидат ретінде тіркелді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




