Саясат
Нұрсұлтан Назарбаев Президенттікке кандидат ретінде тіркеуден өтті
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2015
- 604
Нұрсұлтан Назарбаев Президенттікке кандидат ретінде тіркеуден өтті
Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданды. «Орталық сайлау комиссиясының отырысына бір сұрақ енгізіліп отыр. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы», – деді отырысты ашқан ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов. Осыдан кейін қаулы жобасын таныстыру үшін сөз ОСК хатшысы Бақыт Мелдешевке берілді.
«Сіздердің назар-ларыңызға Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмыз. Қаулы бойынша бірінші, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президенттікке кандидат ретінде тіркелсін. Екінші, Назарбаевқа Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін», – деді Мелдешев.
Сонымен қатар, комиссия хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдаған 560 мыңнан астам қол жиналғанын атап өтті. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдап, елдің 16 өңірінің барлығына өкілдік ететін сайлаушылардың 560523-інің расталған қолы жиналды», – деді Бақыт Мелдешев.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
№4 Модуль «Есептен шығару куәлігі»
- 10 наурыз, 2026
№3 Модуль «Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 10 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




