Бір кісідей қатысамыз!
Республика азаматтары аталған саяси науқанның маңыздылығын мойындайды. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзінің абыройлы биігіне көтерілді. Әлемдік дағдарысқа қарамастан, Қазақстан экономикасы алға сәтті қадам басуда. Кәсіпкерлікті дамытуға барлық қажетті жағдай жасалған. Біз, «Бурный ірімшік зауытының» жұмысшылары, өзіміздің күнделікті жұмысымызда мемлекеттің қамқорлығын үнемі сезініп жүреміз. Ол бізге аз ғана уақыт ішінде құрал-жабдықтарды жаңартып, жаңа технология енгізуге ықпал етті. Біздің өнімімізге деген сұраныс тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, шет елдерде де бар. Біздің басты мақсатымыз – «Қазақстанда жасалған» деген белгімен шығарылатын өнім көлемін арттыру. Бізге, кәсіпкерлік өкілдеріне, барлық қазақстандықтар секілді тұрақтылық, татулық және келісім қажет. Сондықтан, барлық қазақстандықтарды белсенді түрде Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға қатысуға шақырамыз.
«Бурный ірімшік зауытының» ұжымы.
Ұқсас жаңалықтар
Саяси оқиғаларға «малынған» мамыр айы...
- 3 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді